
Хавьер Тебас Ла Лиганың президенті болып қайта сайланды деп хабарлайды біріншіліктің ресми сайты. Дегенмен бір қызығы, Тебас аталған сайлау кезінде жалғыз үміткер болған. Осылайша, енді ол өз қызметін тағы 4 жыл (орнынан алып тастауға байланысты кезектен тыс ассамблея өткізу құқығынсыз) жалғастырады.
Айта кетейік, 57 жастағы Тебас бұл лауазымға 2013 жылы 2 желтоқсанда сайланған болатын.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET