Хәлің қалай, қазақ футболы?

10.01.2011, 22:03
Хәлің қалай, қазақ футболы?
Футбол демекші... күндегі әдетім бойынша компьютерге қонжиған сәтім болатын. Ғаламтордағы таныстарыммен әңгіме айта отырып, аяқ астынан бір бейтаныс қызбен таныстым. Сөзіміз жараса келе оның да «ауруы» менікіндей екенін білдім. Футбол десе, ішкен асын ұмытып кететіндердің қатарынан екен. Өзі ағылшындық білдей клубтың жанкүйері. Қызығы сол, ойынына бола әлгі командадағы бір қорғаушыға сырттай ғашық екен. Ішім күйді. Қаракөз қарындасыма ұнайтын бір футболшының бізден табылмағаны үшін... Рас, қазығы өткен ғасырдың басында қағылған қазақ футболының бүгінгі жағдайы сынға сұранып-ақ жүр. Біздегі футболдың болашағы туралы көшедегі кез-келген адамнан сұрап көріңізші, анекдоттан басқа ештеңе айтпайды. Ұят-ақ. Ілініп-салынып Еуропа футбол одағына мүше болғанымызға да біраз болды. Алынған асу, жеткен жетістік жоқ. Тіпті, біздің аяқдопшылардың бір-екеуі болса да бүгінге дейін беделділерін айтпағанның өзінде батыстық ортаңқол клубтардың ешқайсысында ойнап көрмеді. Бұл нені білдіреді? Қажымұқандай палуандарды туған кең дамбал қазақ әйелдері доп тебе білетін он бір қара сираққа келгенде болдырып қалып па? Жоқ, олай емес. Меніңше, мәселе басқада... Футболы мейлінше дамыған еуропалық клубтарды мысалға алып көрейікші. Олардың бәрінде дерлік мемлекеттік билік тарапынан қолдау бар. Әр бірінде жеке-жеке балалар мен жасөспірімдер мектебі қалыптасқан. Ол жақта допқа ынтаңыз болса жетіп жатыр, сізден тәп-тәуір футболшы шығара алады. Тіпті, сіз алыстағы бір ауылдың түкпірінде жүрсеңіз де, агенттері арқылы лезде тауып алып, өз мектептеріне тартады. Сондай-ақ, ұлттық құрамаларының тізгінін ұстауға лайық бапкерлерден қаржысын да аямайды. Себебі, мақсат біреу-ақ: мемлекет абыройы үшін ғана. Біздің олардан алатын сабағымыз көп-ақ. Футбол десе, делебесі қозатын балалар тек қана оларда емес, біздің ауылдарда да бар. Спортзалдың жоқтығынан солардың қаншамасы жердің қарайғанын күтуге мәжбүр десеңізші?! Тіпті, жаз шыққанның өзінде де ауылдық, аудандық жарыстар да жиі болып тұрмайды. Cпорттың болашағына жаны ашитын әкімдер мен жергілікті кәсіпкерлер де әр қазақ ауылына бұйыра бермеген. Міне, осыдан кейін-ақ қазақ футболының көсегесі қалай көгермекші?! Рас, футбол мектептері ірі қалаларымызда ғана бар. Бірақ, неге екенін білеймін, сол мектептерден қазақ футболын әлемге танытатын он бір ойыншы әлі шығар емес. Осындайда ауыл сыртындағы шағын алаңда шаң-шаң болып доп теуіп жүретін қара балалар ойға оралады. Әттеген-ай, соларға бір мүмкіндік жасалса ғой. Қаракөз қарындастарымның «кумиріне» айналатын қазақ футболшысы қай ауылда жүр екенін білмеймін. Әйтеуір, сол баланың барына сенгім-ақ келеді...

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.385
Ничья
5.34
П2
8.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.915
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.79
П2
2.865
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×