«Хайдук» «Тобылға» мүмкіндік бере ме?

Қостанай облысының командасы Конференция лигасында Қазақстан намысын қорғайды. Жарыстан тағы да абыройсыздықпен шығып қалуы мүмкін бе?
«Хайдук» «Тобылға» мүмкіндік бере ме?

Қостанайлық «Тобыл» өткен жылы біріншілікте күміс жүлде иегері атанғандықтан, биыл олар Конференция лигасында бақ сынайды. Үнемі алғашқы айналымнан ары аса алмай қалып жүретін бұл командамыз биыл еурокубокте қай кезеңге дейін жете алар екен? Жанкүйер көкейіндегі басты сауалға жауап іздеп көрсек.

Жеребеде «Тобылға» Хорватия елінің белді клубтарының бірі «Хайдук» түсті. Сплит қаласының командасы еурододаларға тұрақты қатысып жүрген, тәжірибиелі команда. Мысалы өткен жылы олар Еуропа лигасында бақ сынады. Алғашқы айналымда Македония мемлекетінен келген «Ренова» командасын жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алды. Бірақ, онда атақты «Галатасарайға» 2:0 жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Сондықтан да, «Хайдуктың» жалпы алғанда халықаралық тәжірибиесі «Тобылға» қарағанда молырақ.

Ішкі чемпионатта «Хайдук» 4 орын иеленді. Жүлделі үшінші орынға тек 1 ұпай ғана жетпей қалды. «Динамо» Загреб, «Риека» және «Осиек» клубтарынан кейінгі орынға жайғасты. Хорватия чемпионаты 22 мамыр күні аяқталып, «Хайдук» одан бері 8 футболшымен келісімін ұзартып, біршама футболшыны еркін агент ретінде жібере салды. Келісімді ұзартқандардың ішінде Самуэль Эдук бар. Бұл шабуылшы өткен маусымды Түркия біріншілігінде ойнайтын «Коньяспор» клубында өткізді. Сонымен қатар «Хайдук» екі ірі трансфер тіркеді. Венгрия құрамасының қорғаушысы Герге Ловренчич бұдан былай «Хайдук» намысын қорғайды. Сонымен қатар Англия Премьер-лигасында доп тепкен Ян Млакар есімді шабуылшы да команда сапына келіп қосылды. Ол «Брайтон» командасына алынғанымен АПЛ-де бірде-бір матч ойнамады. Клубы оны КПР, «Уиган» секілді клубтарға жалға берді. Сосын ол өткен жылғы маусымды Словенияның ең танымал командасы «Марибор» сапында өткізді. Млакар өз отанындағы біріншілікте 32 ойынға қатысып, 14 голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол Словения құрамасына да шақырту алды. 22 жасар шабуылшы үшін бұл жақсы жетістік деп ойлаймыз.

Сонымен бірге әртүрлі чемпионаттарда өнер көрсеткен Йосип Вукович те өзінің туған командасына қайта оралды. Чемпионат аяқталған соң исландиялық бапкер Йенс Густафсон «Хайдукты» Словенияға оқу-жаттығу жұмыстарына алып кетті. Онда хорватиялық команда 5 жолдастық матч өткізіп, 4 кездесуде жеңіске жетті. Сол жеңістердің ішінде ерекшелеп өтетіні – «Хайдук» - «Арис» 3:1 матчы. Грекияның «Арис» командасы осы жарыста «Астанаға» қарсылас атанды. Сондықтан да, «Тобылдың» қарсыласы «Астананыкіне» қарағанда мықтырақ деп топшылауға да болады. Осы жолдастық кездесулерде голды қарша боратқан Марко Ливайя нағыз бабында жүргенін көрсетті. Бұл шабуылшыны көзіқарақты фанаттар таниды деген ойдамыз. Ол кезінде Италия мен Испания чемпионаттарында ойнаған. «Интер», «Лас-Пальмас», «Аталанта», «Рубин» секілді командаларда тер төккен шабуылшыны «Тобыл» қорғаушылары тырп еткізбей, көз алдарында ұстауы тиіс.

Әлбетте «Тобыл» да қазір бабында. Біріншілікте бірінші орында келе жатқанымен қоймай, еурокубок алдында 2 футболшы алып күшейіп алды. «Ордабасы» сапында ойнаған қорғаушы Бағдат Қайыров пен Рубен Бриджидо еурокубок ойындарында көмектесуі тиіс. Матч 22 шілде күні Сплит қаласында өтсе, жауапты матч 29 шілде күні Қостанайда өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×