Ағылшын Премьер-Лигасының алғашқы екі турында сенімді жеңіске жеткен "Манчестер Ситидің" бас бапкері ойыншыларының спорттық бабына толық келмегенін айтты.
"Біздегі қиындық сол, ойыншыларымыз толық бабында емес. Футболшылар ӘЧ-да қанша күш жұмсағанын көріп отырмыз. Бізге біраз уақыт керек, өйткені, маусымалды оқу-жаттығу жиынымыз болмады.
Ойыншылар әлі де бұлшықетке түскен күшке шағымдануда. Дәл осы себептермен Браво мен Де Брюйне жарақат алып, қатардан шығып қалды. Осы аптада Фернандиньода қиындықтар болды. Бірақ бұл қалыпты жағдай, себебі, біздің өзімізге қояр талабымыз да жоғары.
Біз әзірге толықтай дайын болмағандықтан, ұпай жоғалтпауымыздың мәні зор. Ұлттық құрамалар ойындары кезіндегі үзілістен кейін бұдан да жақсы қалыпқа келеміз деп ойлаймын", - деді "Манчестер Ситидің" бас бапкері.