Грузиялық жартылай қорғаушы қазақстандық клубтың қаралымында жүр

Грузиялық жартылай қорғаушы Заза Цицкишвили «Атырау» футбол клубына ауысуы мүмкін. Ол «мұнайшылардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды.

Грузиялық жартылай қорғаушы қазақстандық клубтың қаралымында жүр

 

Былтырғы құрамының тең жартысы кетіп қалған «Атырау» бүгінде жаңа команда жасақтап жатыр. Комбинациялық футбол стилін ұстанатын бапкер Константин Горовенко өзінің ойын мәнеріне келетін футболшылар тартуда. 29 жастағы Заза Цицкишвили грузиялық аяқдопшыларға тән допты ұршықша иіріп, жылдам шабуыл ұйымдастыруға бейімделген ойыншы. Былтыр өз елінің Гагра клубында өнер көрсеткен. Ал 2022 жылы Заза «Ақтөбеде» доп теуіп, Қазақстан чемпионатының әлеуетін біледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×