Григорий Бабаян: «Жігіттер соңғы минутқа дейін ойнап, жігер таныта білді»

21.09.2018, 17:28
Григорий Бабаян: «Жігіттер соңғы минутқа дейін ойнап, жігер таныта білді»
«Динамо» (Киев) –  «Астана» (2:2) арасындағы ойын аяқталғаннан кейін елорда командасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті. – Жігіттерге қарсылас команда тарапынан алғашқы минуттан бастап қысым болатынын ескерткен едік. Ойынның 11-минутында қақпамызға жылдам гол жіберіп алдық. Одан кейін ойын тізгінін өзімізге алып, есепті теңестірдік. Сондай-ақ есепті еселейтін мүмкіндіктер болған. Алайда, ол сәттерді лайықты пайдалана алмадық. Әрі қарай үзіліске кетер алдында қақпамызға жоқ жерден гол жіберіп алдық. Екінші таймда, есепті теңестіру үшін шабуылға көбірек шығып, қарсыласқа бірнеше мәрте бос кеңістік беріп қойдық. Осы кезде «Динамо» командасы бірнеше мәрте қарымта шабуылдар ұйымдастырып кетті. «Динамода» одан кейін де есепті еселейтін мүмкіндіктер болған. Дегенмен, қосалқы құрамнан алаңға шыққан ойыншылар өздерін жақсы көрсетіп, команда соңғы сәтте есепті теңестіре алды. Жалпы алғанда, жігіттер соңғы минутқа дейін ойнап, жігер таныта білді. –  Үзілісте команданы қалай жігерлендірдіңіз? –  Үзілісте жігіттерден бірінші кезекте жинақы ойын көрсетулерін сұрадым. Себебі, «Динамо» сияқты командаға қарсы ашық ойын көрсету өте қауіпті. Сондықтан, барынша жауапты ойын көрсетуіміз қажет еді. Мен біздің командада гол соғатын мүмкіндіктер болатынын білдім. Жігіттер соңына дейін күресіп, есепті теңестіре алды. Сол үшін де оларға ерекше алғыс айтамын. –  Бүгінгі ойында футболшылар алаңда көп сүрініп жатты? Жасыл алаңның сапасына қандай баға бересіз? –  Алаңның кемшіліктерін ойын алдындағы жаттығу жұмыстарында байқаған едік. Дегенмен, біз оған ештеңе жасай алмаймыз. Екі команда да бірдей жағдайда ойын көрсетті. –  «Астананың» Еуропа Лигасына қойған мақсаты қандай? –  Клуб басшылығы бізге топтан шығу деген міндетті жүктеді. Біз өз кезегімізде әр ойында ұпай алуға тырысатын боламыз. Ал нақты қанша ұпай жинағанымызды, жылдың соңында есептейтін боламыз. Егер, әр ойында жинақы ойнайтын болсақ, барлығы жақсы болады деген сенімдемін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×