Григорий Бабаян: «Топтық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік беретін нәтижеге қол жеткізуді көздеп отырмыз» 

23.08.2018, 03:25
Григорий Бабаян: «Топтық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік беретін нәтижеге қол жеткізуді көздеп отырмыз» 
УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы АПОЭЛ - «Астана» ойыны алдында елорда командасы бас бапкерінің уақытша міндетін атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті.  - АПОЭЛ Еуропада көп жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан, құрамында шебер ойыншылары бар тәжірибелі команда. Біз ертеңгі кездесуде жинақы ойын көрсетіп, тек қана қорғаныста ғана емес, сырт алаңда гол соғыға тырысуымыз қажет. Ең бастысы, топтық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік беретін, лайықты нәтижеге қол жеткізуді көздеп отырмыз. - Қарсылас команда қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. АПОЭЛ соңғы екі жылда қай жағынан өзгерді? Команда қандай ойын үлгісін көрсетеді?  - АПОЭЛ сапында шебер ойыншылар жетерлік. Қарсылас команданың деңгейі өте жоғары. Біз оларға алаңда барынша бос кеңістік бермеуіміз қажет. Себебі қарсылас сапында ойын тағдарын жекелей шешеп кетуге қауқарлы футболшылар бар. - Команда ішіндегі көңіл-күй қалай?  - Біздің бар ойымыз ертеңгі ойында. Бүгінгі жаттығу жұмыстарынан кейін, ертеңгі ойынға жүз пайыз дайын ойыншыларды алаңға шығаратын боламыз. Ең бастысы, алаңда жұмылған жұдырықтай өнер көрсетуіміз қажет. - Бактиер Зайнутдинов, Абзал Бейсебеков маусымды өте жақсы бастады. Дегенмен, осы маусымда еурокубоктерде алаңға шығып жатқан жоқ. Бұл ойыншылардың ертеңгі кездесуде алаңға шығу мүмкіндігі қаншалықты?  - Барлығында алаңға шығатын мүмкіндік бар. Қайталап айтайын, бүгінгі соңғы жаттығу жұмыстарынан кейін кімнің қаншалықты ойынға дайын екендігін бағамдап, 100% дайын ойыншыларға ертеңгі кездесуде мүмкіндік береміз. - Біз осы маусымда алғаш рет еурокубоктерде бірінші ойынды сырт алаңда өткізгелі жатырсыздар. Екі ойыннан тұратын теке-тіресте, алғашқы ойынның түзде өтуі қаншалықты маңызды?  - Бұл сұраққа нақты жауапты өз алаңымыздағы жауапты ойыннан кейін бере аламын (күледі). АПОЭЛ алғашқы ойынның фавориті. Оған қоса, ертең жанкүйерлердің қызу қолдауы қарсылас жағында болады. Алайда, ертеңгі кездесуде барынша қорғаныста сақ ойнап, өз қақпамызға қарсыласқа қауіпті шабуыл жасауға мүмкіндік бермеуіміз қажет.

fcastana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×