Григорий Бабаян: «Каспий» біраз командадан ұпай тартып алады»

19.10.2020, 18:54
Сергей Малыйдың голы болмағанда «Каспий» бір ұпай алатын еді.
Григорий Бабаян: «Каспий» біраз командадан ұпай тартып алады»

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян «Каспийге» (0:1) қарсы ойыннан соң пікір білдірді.

– Біз күткендей, қиын матч болды. Біріншіден, ұзақ үзілістен соң ойын ырғағына ілесіп кету оңай емес, екіншіден біз бұл құраммен бір ғана жаттығу өткіздік. Ойынның алғашқы 15 минутында көптеген қателіктерге жол бердік. Бірінші таймның ортасына таман анық мүмкіндіктерге жол ашылды. Жалпы, кездесудің бірінші бөлігінде допқа иелік ету көрсеткіші бойынша қарсыластар алда болды. Біз гол соғатын 3-4 сәтті мүлт жібердік. Сонымен қатар бірінші таймда тактикалық тұрғыда дұрыс өнер көрсете алмадық.

Екінші таймда, гол соққанға дейін, жақсы ойын көрсеттік. Қарсыластарға бос кеңістік бермедік. Гол соғылған соң, шамамен 10 минуттай позициялық ойын өтті. Сондай-ақ маған матчтың соңғы 10 минуты ұнамады. Біз өзі ойынымыздан ауытқып, қарсыластарға басымдық беріп қойдық. Негізі, бұл өте маңызды жеңіс еді. «Каспий» – өте әлеуетті команда, оның әлі-ақ біраз командадан ұпай тартып алатынына сенемін.

Өкінішке орай, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Ерланов пен Мирошниченконың жарақаты бар. Тағы бір футболшы Арман Оганесян жүз пайызға дайын болмай шықты, оның бұлшықетінде ауырсыну байқалды. Біз ойыншының денсаулығына байланысты тәуекелге бара алмадық. Бұған қоса Себай ұзақ уақытқа ойыннан шеттетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×