Григорий Бабаян: «Егер біз жүлделі орындар үшін күрескіміз келсе, қателеспеуіміз керек»

09.11.2020, 15:24
«Тобыл» кеше «Қызыл-Жарды» минималды есеппен жеңген еді.
Григорий Бабаян: «Егер біз жүлделі орындар үшін күрескіміз келсе, қателеспеуіміз керек»

«Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян премьер-лиганың 18-турындағы «Қызыл-Жарға» қарсы ойын (1:0) туралы пікір білдірді:

- Медаль үшін күрескенде жеңіл матчтарды күтудің қажеті жоқ. Біз мұны өте жақсы түсіндік. Және бұл эмоционалды және физикалық тұрғыдан өте қиын матч болатынын білдік. Біздің жүлделі орындар үшін күресетін бәсекелестеріміз демалды, ал біз соңғы жиырма күнде алтыншы матчты өткіздік. Бұл өте қиын болды.

Бізге есеп емес, жеңу маңызды болды. Үш ұпай алуымыз керек еді, оған қол жеткіздік. Мен командаға алғыс айтқым келеді, жігіттер бар күштерін осы алты ойынға да жеткізді. Біз команда болып ойнадық, жеңіліске дұрыс реакция жасадық. Соңғы үш матчта команда алаңда қажетінің бәрін жасады.

Соңғы ойындарда біздің гол жіберіп алмауымыз маңызды болды. Бұл бізге сенімділік беруі керек. Өкінішке орай, қазір жарақат алған ойыншылар бар. Олардың қанша уақытқа дейін қатардан шыққанын біз әлі білмейміз.

Енді ұлттық құраманың ойындарына байланысты үзіліс болады. Мен Қазақстан құрамасына және барлық ұлттық құрамаларына шақыртылған ойыншыларға алдағы ойындарда сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, Джаба мен Ника Грузия үшін тарихи оқиға - ЕУРО-2020 турниріне шығуға бір қадам қалғанын еске салғым келеді. Біз олардың ойынын міндетті түрде қадағалайтын боламыз. Жігіттерге сәттілік тілеймін!

Үзілістен кейін маусымның ең маңызды сегменті болады, барынша дайындалып, соңғы ойындарға жауапкершілікпен бару керек. Егер біз жүлделі орындар үшін күрескіміз келсе, бұдан артық қателіктер жібере алмаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×