Григорий Бабаян: Біз өз алаңымыздағы маңызды ойында 2 ұпай жоғалтып алдық

17.09.2018, 19:53
Григорий Бабаян: Біз өз алаңымыздағы маңызды ойында 2 ұпай жоғалтып алдық
«Астана» футбол клубы премьер лиганың 26-турында Қызылорданың «Қайсарын» ұта алмады. Матчтан кейін «Астана» клубының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаян өз пікірін білдірді. – Бізді қиын ойын күтіп тұрғанын білген едік. Себебі, ұлттық құрамалардағы үзілістен кейін толық құрамда екі ғана жаттығу жұмысын өткердік. Өкінішке қарай, бірінші таймда допты барынша бақылауда ұстап, өзімізге тән футбол үлгісін көрсете алмадық. Үзілісте, жігіттермен сөйлесіп, екінші кезеңде жылдам ойнауға тырыстық. Алайда, гол соға алмадық. Ең өкініштісі, біз өз алаңымыздағы маңызды ойында 2 ұпай жоғалтып алдық. Сіз бұл кездесуде екі ғана ойыншы алмастырдыңыз. Қосалқы құрамдағы Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский және Ричард Алмейданы ойынды неліктен алаңға шығармадыңыз?  – Алда Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі ойын бар. Бар ойымыз Киевте өтетін маңызды ойын тұрғандықтан, күшімізді сақтауды ойладық. Біз ол жақта еліміздің намысын лайықты деңгейде көрсете алумыз қажет. Оған қоса, ұлттық құрамалардағы ойындардан кейін, жігіттердің физикалық мүмкіндіктерін де нақты білмейміз. Сондықтан дайын болған футболшылар ғана алаңға шықты. «Астана» үшін ел чемпионы атану ма, әлде Еуропа лигасында топтан шығу маңызды ма? – Біз үшін әр ойын маңызды. Сондықтан екі жақты бөліп қарамаймыз. Тығыз ойын кестесіне байланысты, команда дайындығына өзгерістер енгізесіз бе? – Біз дәл мұндай ойын кестесінде бірінші жыл ойнап жатқан жоқпыз. Ең қиыны, бізде жаттығу жұмыстарын өткізетін уақыт жоқ. Ертең демаламыз. Ал арғы күні Киевке аттанатын боламыз.Біз Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатты түскіміз келді. Енді топтық кезеңдегі мақсатымызды шешуге тиіспіз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×