Германияға шақырту алған қазақстандық футболшы виза мәселесіне байланысты елден шыға алмауда

26.03.2021, 20:53
Жас футболшы германиялық командамен келісім-шарт түзіп қойған екен.
Германияға шақырту алған қазақстандық футболшы виза мәселесіне байланысты елден шыға алмауда

2020 жылдың қаңтарында 23 жастағы кәсіби футболшы Рүстем Әбдіразақов немістің "Нойхофф 1910" атты футбол клубымен келісім-шартқа отырды. Қаралым барысында өткен бірнеше ойын кезінде неміс жаттықтырушылары футболшының физикалық жағдайы мен техникасына таң қалып, бірден келісім-шарт түзу туралы шешім қабылдады.

Коронавирустық пандемияға және виза алу мәселесіне байланысты Рүстем Германияға кете алмады. Соған қарамастан "Нойхофф" футбол клубының жаттықтырушысы Рүстемнің келуін күтуде.

Рүстем Әбдіразақов 1997 жылы туылған, Алакөл ауданының тумасы, 6 жасынан бастап футбол ойнай бастады. Оны кәсіби бапкерлер жаттықтырмады және ол арнайы футбол мектептері мен командаларда жаттығу жасаған жоқ.

2010 жылы Талдықорған қаласына қоныс аударғаннан кейін бірден "Жетісудың" оқу-жаттығу тобына қабылданады. Осыдан кейін ол 2012-2015 жылдар аралығында Бразилиядвғы футбол академиясында жаттықты.

Айта кетейік, Рүстем "Бәйтерек", "Жетісу Ж" командаларында доп тепкен. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында тұрақты түрде өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×