Генрих Мхитарян: «Арсенал Еуропа лигасын ұтып алғысы келеді
21.09.2018, 20:48
Кеше түнде Лондонның «Арсенал» командасы Еуропа лигасының бірінші турында Украинадан келген «Ворскланы» жеңді. Бұл ойын 4:2 есебімен аяқталды.
Матчтан кейін «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Генрих Михтариян Лондон командасы үшін Еуропа лигасының маңызы қандай екенін айтып берді.
– Эмери бұл турнирді үш рет жеңіп алды. Бізге Еуропа лигасының кубогы қажет. Біз жай ғана қатысу үшін ойнап жатқан жоқпыз, шынымен де жеңіске ұмтыламыз. Егер Еуропа лигасын ұтып алсақ, Чемпиондар лигасына жолдама беріледі. Сол үшін әр ойын сайын жеңіске жетуге тырысамыз. Сосын әріқарай көреміз, – дейді Генрих Мхитарян.