"Миланның" бас бапкері алғашқы маусымы жайында және ойыншылармен қарым қатынасы жайлы пікір бөлісті. Ақпарат Goal.com сайтында жарияланды. "Мен ойыншылардың матч аяқталған соң жанкүйерлердің алдына барып, алғыс білдіріп қошеметтегенін дұрыс деп есептеймін. Бұл іске менсіз ақылдары жетсе жарады. Қазір қарамағымдағы футболшылар жақсы өнер көрсетіп жүр, сондықтан олармен жұмыс істеу қиын емес. Бірақ, батқан түннің артынан жаңа күн атады. Жұмыс қайта жаңа парақтан басталады. Менің миссиям маусым аяқталғанша ойыншыларға дем беру. Алғаш келгенімде қандай қиындықтар күтіп тұрғанын білдім. Оңай жолмен жүретін мен емес! Сондықтан "Миланды" таңдадым. Соңы немен аяқталатынын бірге көреміз" - дейді Гаттузо.
- Гаттузо «Миланның» бапкері ретінде 27 қарашадан бері жұмыс істеп келеді.
- «Милан» А Сериясында 41 ұпай жинап, турнирлік кестеде 7 орында тұр.
@aibek_kossan