![Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатындағы дебюттік кездесуінде ассист жасап жарақат алып қалды](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2025/02/10/67a98b7d3bde3169424933.jpg)
Қазақстандық жартылай қорғаушы «Кошиценің» сырт алаңда «Жилинамен» болған бәсекесінде шеберлігін паш еткен – Ғалымжан алаңға 70-минутта шығып, он минуттан кейін голдық пас берген болатын.
Өкінішке қарай, ойынға төреші қосқан қосымша минуттарда жарақат алып қалған. Ал матчтың өзіне келер болсақ, қазақстандық футболшының ұжымы Словакия чемпионатының көшбасшысын 2:0-мен жеңіп, маңызды ұпайды қанжығасына бөктерді.
Ресейлік журналист Александр Троицкий өзінің "Азия-Спорт" телеграмм-арнасында вингердің жарақаты ауыр емес екенін мәлімдеді.
Естеріңізде болса, Ғалымжан Кенжебек жуырда Кипр чемпионатының екінші дивизионында бақ сынайтын «Акритас Хлоракас» командасынан Словакия біріншілігіне ауысты. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы былтыр Қазақстан құрамасының сапында Ұлттар Лигасының аясындағы матчта дебюттік кездесуін өткізді.
Біздің серіктес: FONBET