Қазақстан құрамасы мен словакияның «Кошицесінде» ойнайтын жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек жаңа чемпионаттағы алғашқы әсерлерімен бөлісіп, бейімделу процесі туралы тілге тиек етті.
«Словакиядағы бейімделуім ойдағыдай, бес күн болды, ешқандай мәселесіз өтуде. Қарым-қатынас тұрғысында аздаған қиындық бар, «Акритастағыдай» мұнда орыс тілді ойыншылар жоқ. Десе де, ағылшынша сөйлесуге тырысып жүрмін, бұл да бір артықшылық.
Әрине, «Акритаспен» салыстырғанда жағдай, ұйымдастыру мен стадион жағынан «Кошице» көш ілгері, бірақ мен бәрібірде кипрлік клубқа ризамын.
Жалпы айтқанда, мансабымның бұл кезеңіне көңілім толады және қазірдің өзінде команданың міндеті - Словакия чемпионатының алтылығының қатарына кіріп, біріншіліктегі бәсекелестікке таласуға күш-жігерімді сарп етемін.
Черчесов хабарласқан жоқ па? Жоқ, Станислав Саламұлымен тілдеспедік, тек Константин Горовенкомен (Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшісі) хабарластым. Мүмкін, сол арқылы бапкерлік қосын мен туралы ақпарат алған шығар», - деді Ғ. Кенжебек.
Естеріңізде болса, Ғалымжан осыған дейін кипрдің Екінші лигасының «Акритас» командасында өнер көрсетті. Сондай-ақ, «Қайраттың» түлегі қазақстанның «Жеңіс» және «Мақтааралының» намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET