Ғалымжан Кенжебек: ең бірінші кезектегі басымдық - клубыма көмектесу

Бүгін, 09:47

Ғалымжан Кенжебек жаңа клубындағы алғашқы әсерімен бөлісті.

Ғалымжан Кенжебек: ең бірінші кезектегі басымдық - клубыма көмектесу
Ғалымжан Кенжебек Қазақстан жастар құрамасының жейдесінде

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Словакия чемпионатының «Кошице» командасының жейдесін киді. Жас талантқа бұдан бөлек Испания Сегундасы өкілдерінен де қызығушылық болған еді. Еске сала кетейік, «Қайраттың» түлегі мансабында кипрдің Екінші дивизионында ойнайтын «Акритас», «Жеңіс» және «Мақтаарал» намысын да қорғаған болатын.

«Әрине, «Кошицедегі» өнерімнің арқасында Қазақстан құрамасына шақырту алсам оған қуанатын едім, бірақ ең бірінші кезектегі басымдық - клубыма көмектесу. Мен өз елімнің құрамасының қатарындағы іріктеу турнирлерінде табысты өнер көрсеттім және сол жемісті ойыным мен голдарымды клубтық деңгейге алып келе аламын деп сенемін», - деген еді Ғалымжан.

 

Айта кетейік, «Кошице» футбол клубы Словакия чемпионатының турнирлік кестесінде әзірге 7-орынға тұрақтаған. Команда Кошице қаласының намысын қорғайды. Және өз алаңындағы ойындарын 12555 орындық «Кошице аренада» қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×