«Футболды жабу керек» - бұл қасаң пікір

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бір сұқбатында Қазақстанда футболды жабу керек деп мәлімдеме жасапты. Спорт функционерінің бұлай қасаң пікір айтуына не түрткі болды?
«Футболды жабу керек» - бұл қасаң пікір

Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктің салдарынан түрлі пікірлер айтылып, қоғамда спорт саласын қалай ретке келтіреміз деп идея айтушылар көбейді. Себебі, қоғам, жанкүйерлер мұндай масқараның жауабын күтеді. Бақтияр Артаев осы кезекте елдегі футболды түгелімен жапсақ, спорт нысандары көптеп салынады деп сұқбат беріпті. Олимпиада чемпионының пікірінше әр облыстағы футбол клубы өмір сүруін доғарса 2 млрд теңге көлеміндегі қаржы спорт нысандарын салуға жұмсалар еді дейді. Сондай-ақ спорт маманының мына бір сөзінен үзінді келтірсек: 

«Мысалы, "Барыс" кәсіби хоккей клубы немесе велокомандалар өзін "Тур де Франста" көрсетуі мүмкін. Болмаса Еуропаның ішінде айналып жүруі ықтимал. Бірақ түбегейлі Олимпиада чемпиондарын шығармайды. Олар қара көздеріміздің үлкен дәрежеге шығуына мүмкіндік беріп отырған жоқ. Жүйелі түрде жұмыс істеп жатқан жоқ», депті Б.Артаев мырза «7 арнаға» берген сұқбатында.

Олимпиада ойындарымен қатарласып Қазақстанның 4 бірдей футбол клубы қарсыластарын жеңіп жанкүйерлерді қуантпаппа еді? Айтпақшы, бұл командаларымыздың барлығы да қазір еурокубок жарысында жүр. Шешуші, соңғы плэй-офф айналымына дейін жетті. Бұрын-соңды мұндай көрсеткіш болмаған. Қайта, Олимпиада кезінде көңілі жабырқаған жанкүйерді дәл осы футболшыларымыз қуантып жатыр. Оған Қостанайдың «Тобылының» жеңісі, «Шахтердің» атақты «Стяуаны» жарыстан шығаруы, «Астананың» қарсыластарын кезегімен жеңіп жатқаны дәлел бола алады. Бұл жерге Қазақстан ұлттық құрамасының Украинамен Киевте 1:1 тең түскенін қосып жатудың өзі артық болар. 

2 млрд теңге қаржыға тоқталсақ, өткен жылы президент Қ.Тоқаевтың үндеуінен кейін облыс басшылары футбол клубтарына ірі көлемде қаржы бөлуді доғарды. Клубтардың бюджеті екі есеге азайды. Мысалы, 2 млрд теңге бюджетке жетпейтін командалар ішкі біріншілікте жетіп артылады. Сол Бақтияр Артаев мырзаның жерлестері «Тараз» клубының бюджеті 2 млрдқа жетпейтінін неге айтпайды? Ал сол «Тараз» клубы ел футболына жыл сайын талантты ойыншылар шығарып беріп отырған жоқ па? Бақтияр Зайнутдиновтай ойыншысы қазір Мәскеудің ЦСКА командасында доп теуіп жүргенін ұмытпайық. 

300 млрд қаржы бөлініп, Олимпиадаға барған өзге спортшылар биыл сол қаржының аздығынан медаль ала алмай қалды деп есептесеңіздер, қателесесіздер. Олар еліміздегі, тіпті шет елдердегі ең мықты деген спорт нысандарында дайындалған жоқ па еді?! 300 млрд теңгені Қазақстандағы 12 футбол клубы 2 млрдтан бөліске салса, 12 жыл бойы ешкімге жалтақтамас еді ғой. 

Сондықтан да, қаржы үшін футболды жабу керек деген пікір қасаң. Еш қисыны келмейтін идея. Қазақстанда азаматтардың ең көп қатысатын спорт түрі осы футбол. Қаншама жас жеткіншекті футболшы боламын деген арманынан айыру Артаевтың негізгі мақсаты ма? «Байдың асын байқұс қызғаныпты» демекші футболға бөлінген қаржы күллі қазақ спортын алға жылжытпай, дамытпай отыр деу әбестік емей немене? Қайта, дамыған елдер бар тапқанын футболға салып, соның жолына қарап отырған жоқ па? Негізі шынтуайтына келгенде Қазақстанда 4 жылда 2 медаль алатын спорт түрлері көп. Оларға бөлініп жатқан қаржы футболдан еш кем түспейді. Ал футболдың масштабы кең спорт екенін ескерсек, жекелей спорт түрлеріне бөлінген қаржымен салыстырғанда ештеңе де емес. Тоқ етері Артаев мырза қазақ спортына жаны ашыса, оны қаржының көптігінен емес, таланттардың тасада қалып жатқанынан іздегені жөн болатын шығар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.585
П2
2.232
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.405
Ничья
3.85
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.075
Ничья
3.79
П2
1.936
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.159
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×