Футбол-нағыз майдан алаңы

07.07.2018, 20:55
Футбол-нағыз майдан алаңы
Футбол...Сенсация...Бизнес...Футбол ұғымын бүкіл ғаламшарымызды жаулаған-дерт десек қателеспеген болар едік. Себебі, жер жаһанда одан асқан құдіретті спорт түрі жоқ. Ол-мықты мен әлсізді, кедей мен байды бір деңгейде ұстап тұруының өзінен-ақ "ғажап" дүние екенін ұғынамыз. Ал, қазір бұрынғы футболдың тәртібі мен қоса мәні де жойылып бара жатқандай. Алаңдағы келіспеушілік, төрешімен дауласу, уақыт созу. Бұның барлығы жанкешті жанкүйерлердің шыдамын тауысқандай. Әлем жұлдыздарының Ресейдегі чемпионатта жеңілістерге ұшырауы, нағыз футболдың мән-мағынасын қашырып, аяқдопқа деген құлшынысымызды бір сәтке саябырсытты...Роналду, Рамос, Месси, барлығы да құрама жүгін арқалап Ресейде жеңіс үшін ойнағанымен сәттілік жолдас болмады. Дегенмен нағыз футбол жанкүйерлері оларды "қаһарман" ретінде мәңгілік есінде сақтап қалатындығы түсінікті. Енді олардың сиқырлы ойын мәнерлерін тек клубтық деңгейде ғана көре аламыз...

Дайындаған Хабидолла Әлішер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×