Қазақстандық төрешілер бригадасы Еуропа лигасының матчында жұмыс жасайды, деп хабарлайды KazFootballkz.
"Рига" (Латвия) – ЦСКА (София, Болгария) матчының бас төрешісі болып 31-жасар шымкенттік рефери Фуркат Атажанов сайланды. Оған Тараздан Евгений Бельский мен Павлодардан Айдын Тасыбаев көмектеседі. Қосалқы төреші астаналық Арман Исмуратов. Кездесу 19 шілде күні Ригада өтеді.