Франциялық «Марсельдің» түлегі қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

20.06.2018, 15:15
Франциялық «Марсельдің» түлегі қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін
Франциялық «Марсельдің» түлегі Гаэль Андонян қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazfootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Гаэль Андонян француздардың «Дижоне» командасымен 15/16 маусымында ойнаған. Гаэльдың соңғы клубы - Грекияның «Верея» командасы. Футболшы Грекия чемпионатында 10 ойын өткізді. Сонымен қатар, Андонян Армения ұлттық құрамасының ойыншысы. Құрама сапында барлығы 20 матч ойнады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×