Итальяндық арбитр, қазір УЕФА төрешілер комитетінің басшысы, 1988-2005 жылдар аралығында төрешілік қызыметін тыңғылықты атқарды. Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациялары алты жыл қатарынан (1998 жылдан 2003 жылға дейін) оны ұйымдар арасында үздік деп таныды.
Өзінің мансабында Коллина А сериясында 240 матч және 109 халықаралық ойын өткізген, соның ішінде 2002 жылғы Мундиаль финалында төрелік еткен.
«Goal.com» сайтының хабарлауынша,«France Football» басылымы тағы да ағылшындық Кен Астон және франциялық төреші Мишель Вотроды да «France Football» басылымы үздік төрешілердің үштігіне қосты.
Айта кетейік тарихтағы ең үздік қақпашы, «France Football» журналының нұсқасы бойынша, КСРО құрамасының қақпашысы Лев Яшин болған болатын. Сондай-ақ үздік қорғаушылар, жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар қазіргі уақытта анықталу үстінде.
Біздің серіктес: FONBET