Бұл бір танысымның басынан өткен оқиға ғой. Өзі тұрақты бәс тігетін, тәжірибиелі "ойыншы". Қызыл шаңырақ "Олимптің" кенже баласындай, күні-түні кеңседен шықпайтын. Майдалап теннистен көтеріп келіп, әдет бойынша футболға келіп "қадалатын". Лайвтың лаңына кіріп кетіп, 2 сағатта 100 мың көтерді. Сосын сол жүз мыңды 10 кэфке қойып миллион ұстайды. Ал қызық енді басталады. 1 млн теңгені тұрады да "Крылья Советов" гол салады деп қоя салады. Себебі адам ойынды көріп отырса неше түрлі ой келеді. "Өй мыналардың шабуылы қарқынды ғой, қазір бір гол салады" деп күбірледі де "тарс" дегізіп гол соғадыға кіреді.
83 минут болып жатқандықтан "Крыльяға" 8 кэф беріп тұрды. Самараның клубы өз алаңында "Локомотив" Мәскеуден жеңіліп жатты. 87 минутта төреші пенальти белгіледі. Танысымның тағдыры қыл үстінде. Пенальтиді шабуылшы Корниленко дәл орындап, есепті 1-1 қылды. 15 мың теңгемен келген досымыз 4 сағаттан кейін 8 миллион теңгесі бар миллионерге айналды. Міне, өмір деген қандай, ә?
Кеңседен шыққан ол қасына жолдасын ертіп, шашлықтың нақ отанына барады. Сыра өзен болып ағып, досына 100 мың шотал ұстатады. "20 камриімді сатып, үстінен 3 лям қосып "сороковка" аламын, қалған 5 лямды "Жилстройға" саламын, сонда екі айдан кейін үй қарастыра берсем болады" деген ой дыбысталып далаға шықты. Бірақ, "сороковка" қазір ескірді. 400 мың шақырымды еңсерген ескі көлік сәннен қалғаны қашан. Алған соң 55 немесе бір тәуірлеу "Лексус" дұрыс қой деді. Сосын... айтпақшы "Жилстройдан" үй алу үшін пәтердің жарты сомасы керек. Тағы бір 3 миллион болса қатып кетеді. Қысқа айтқанда тағы 5 лям керек болды.
Достары шашбауын көтеріп, үш адам болып қызыл шаңыраққа қайта келеді. "О, "Бавария" өз алаңында жеңіліп жатыр ғой" десіп, 65 минутта "Баварияның" жеңісіне кіреді. 1,8 кэфке 3 ляммен! "Неміс мәшинесі" тең ойнап, мәшине жайлы армандарды бұлыңғырлатып жіберді. Бірақ, әлі шотта 5 лимон жатыр ғой, қорқатын несі бар. Ақылдаса келе "Ювентус" тоталы 1,5 көп дегенді алады. Ең соңғы орындарда келе жатқан "Дженоа" "Ювені" 0-2 жеңетінін әлі ешкім білмейтін кез. Бұл матчқа 3 миллион тағы кетті. 2 лям қалды. Оны қазір кімнің аузынан табасың?! Сол да ақша ма? 2 лям екі событиеден тұратын экспресске жұмсалды. "Барса" ұтады, "Арсенал" бұрыштамасы 4,5 көп. "Мен қызға барған күні ай жарық" демекші" Мессиі бар "Барселона" өз алаңында тең түспек түгілі, ұтылып қалды. Қол жүрмеймін десе осы екен. А.. айтпақшы "Арсенал" бірінші таймда 4 бұрыштама көтерген. Сол күйі қатып қалыпты ол да))).
Жігіттер, бұл өмірден алынған әфсана десеңдер де болады. Баяғы әнекдот бар еді ғой. Казиноның алдында түрсимен тұрған бір жігіт: "Дер кезінде тоқтауды білетінім қандай жақсы деп". Әлгі танысымыздың әлі де көлігі жоқ, пәтері де алынбаған. Сол күні бірақ ол 15 мың ғана жеңіліпті. Уот, так!
Біздің серіктес: FONBET