«Фола» Эш, күлетіндей жағдай емес

19.08.2021, 21:25
Конференция лигасында сенсация жасап келе жатқан «Фола» командасы Люксембург елінің мақтанышына айналды. Енді олар «Қайратты» жеңіп, топтық кезеңге өтуді аңсайды. Егер өтсе, бұл Люксембург футболының тарихына алтын әріппен жазылары анық. Олар шынымен «Қайраттан» мықты ма?
«Фола» Эш, күлетіндей жағдай емес

«Фола» Эш командасы өткен жылы Люксембург ұлттық біріншілігінің чемпионы болды. Соңғы турда олар «Женнесті» 3:0 есебімен жеңіп, тарихында 8 рет Люксембург чемпионы атанды. Соның арқасында «Фола» чемпиондар лигасының іріктеу турниріне қатысты. Алғашқы айналымда олар Гибралтар елінің «Линкольн» командасымен кездесіп, 2:2 тең түсті. Ал сырт алаңдағы матчтың 58-минутында Гибралтар чемпионы 3:0 есебімен жеңіп жатты. Сосын «Фола» ойыншысы алаңнан қуылып, жалпы нәтиже 5:0 болдып тіркелді. Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеуінен шығып қалған команда бірден Конференция лигасына жол тартады. «Фола» онда Белорусь елінің мықты клубы «Шахтер» Солигорскпен кездесті.

Роман Григорчук баптайтын команда теке тірестің анық фавориті еді. Бірақ, «Фола» екі ойынның нәтижесінде 3:1 басым түсті. Роман Григорчук осыдан кейін жұмыстан кетті. Осы жеңісімен мамандар назарын аудартқан команда бұл жетістікпен тоқтап қалмады. Келесі айналымда Солтүстік Ирландияның «Линфилд» командасын сырт алаңда 2:1 жеңіп, өз алаңындағы матчта тек қорғанумен ғана бос жүрді. 60 минутта Коррея Мендес салған голдан соң «Линфилдтың» үміті үзілді. Десе де, матч тағы да 2:1 нәтижесімен аяқталды. Міне, соның арқасында «Фола» командасы плэй-офф айналымына шығып отыр. Команда сапындағы легионерлер енді-енді іске кірісіп, футболи бабына келіп жатыр. Себебі, Люксембург біріншілігі енді басталып, ресми ойындар тұрақты түрде өте бастады. Алғашқы ойындарда қарқынға қарқын қосып, ойын тепе теңдігін ұстау мүлде қиын еді. Айтпақшы, легионерлер демекші, бұл командада португалиялық Криштиану ойнайтынын білесіз бе? Роналду емес әрине, бұл қорғаушы Криштиану.

Жалпы «Фола» Эш командасында 4 португалиялық, 2 франциялық, 2 босниялық және бір-бірден Алжир, Конго, Бельгия футболшылары бар. Сонымен қоса, Мадагаскар елінен келген де футболшыны айта кетейік. Бюджеті Вагнер Лавтың бір жылдық жалақысымен тең болатын бұл клуб бірнеше жыл бұрын жартылай әуесқой команда болатын. Қазір Люксембургте де футбол дамып келеді. Букмекерлік кеңселер демеуші болып, біріншілік те алға жылжыды. Табиғатымен тамсандырған Люксембург мемлекетінде өмір сүрудің өзі бір рахат деп біршама футболшылар осында ауысады. Олар тұрақты жалақы алып, шеттегі матчтарға ұшып, ұлттық құрамаға алынып, өсіп келеді. Франция мен Португалияда бағы ашылмағандар осында келіп ойнап, көтеріліп жатады. Сондықтан да, жас талантты футболшылар да жақын арада шыға бастайды. Олардың кейбірі қазір «Динамо» Киев секілді командалардың қатарында жүр.

Мысалы 19 жасар Денис Ахметхекай есімді ойыншы Чемпиондар лигасындағы алғашқы маусымында гол салып, гол түсіп жүр. Жас та болса негізгі құрамға алынып, тәуір ойын өрнегін көрсетті. Сөз соңында айта кетейік, «Фола» Эш командасында кезінде аты аңызға айналған морокколық футболшы Мұстафа Хаджи өнер көрсеткен. Ол осында 3 жыл доп теуіп, спорттағы мансабын осында аяқтаған. Статистика мен клубтардың трансферлік бағаларын, футболшылар шеберлігін салыстырсақ, теке тірес фавориті алматылық «Қайрат» екені даусыз. Алайда, «Алашкерттен» жеңіліп, салысы суға кеткен, бас бапкерін қызметтен босатып, делі-құлы хал кешіп жатқан «Қайраттың» бұл қарсыластан оңай өте алмасы айқын.

Ермұхамед Мәулен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.968
Ничья
4.015
П2
3.72
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×