«Реал» командасының президенті Флорентино Перес клубтың мүшелері қатысқан жиналыста шабуылшы Криштиану Ронанлдуды «Ювентуске» не үшін сатқанын айтты.
– «Реал» футболшыларының келісімшартында сатып алу құны көрсетілетін өзге клубтардың бізден аулақ жүруі үшін жасалады.
Биыл біз үшін ең тиімді трансфер Криштиану Роналду болдды. Ол жеке себептерімен командадан кетуді қалады. Барлығы оң шешімін тауып, екі жақ келісімге келді.
«Реалға» Криштиану үшін «Ювентустен» өзге ешқандай клуб 100 миллион еуродан көп ақша ұсынған жоқ. Біз тек Роналдуға алғысқа айтамыз. Ол осы жылдары көп нәрсе жасады.
Альфредо Ди Стефанодан кейінгі кезеңдегі ең үздік ойыншымыз. Роналду үшін «Реал» қашанда өзі үй сияқты болып қала бермек – деді Перес.