![Флорентино Перес - Гарет Бэйлдың Қытай клубына трансферін бұғаттап тастады. Неге?](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/07/30/50b422ff525cd0cdabdc9bc1b3299dfe.jpg)
Өткен аптаның соңында Гарет Бейл Қытайдың "Цзянсу Сунин" командасымен 3 жылға, жылына 22 миллиондық келісім-шартқа келгені туралы белгілі болған еді.
Ал "The Telegraph" басылымы "Реал" президенті Флорентино Перестің жоғарыда аталған трансферді болдырмау үшін бұғаттап тастағанын хабарлап отыр. Клуб басшысының бұлай шешім қабылдауына Гарет үшін "Цзянсу" ұсынған қаржы тым аздығы себеп болыпты. Яғни, "галактикос" 2013 жылы 85 млн. фунт (100 млн еуро) жұмсаған ойыншыны тегіннен-тегін жебергісі жоқ.
Ал Қытай командасы демалыс күні "Андерлехтен" Иван Сантини есімді шабуылшыны сатып алмақ екенін хабарлады.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET