FIFA рейтингі: Қазақстан екі сатыға төмен сырғыды

20.09.2018, 21:56
FIFA рейтингі: Қазақстан екі сатыға төмен сырғыды
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (FIFA) жаңартылған рейтингінде екі орынға төмендеді. Қазақстан құрамасы - 118 орында тұр. Қыркүйек айында Станимир Стоилов шәкірттері УЕФА Ұлттар лигасында екі ойын өткізген болатын. Алғашқы кездесуде Грузия құрамасына жол берсе, екінші ойында Андорраны жеңе алмады. УЕФА Ұлттар лигасындағы келесі екі ойын қазан айында өтеді. Қазақстан құрамасы 13  қазан күні сырт алаңда Латвиямен жолығып, 16 қазан күні өз алаңында Андорраны қабылдайды. 1 (2). Бельгия  – 1729 ұпай 2 (1). Франция  – 1729 3 (3). Бразилия  – 1663 4 (4). Хорватия  – 1634 5 (5). Уругвай  – 1632 6 (6). Англия  – 1612 7 (7). Португалия  – 1606 8 (8). Швейцария  – 1598 9 (9). Испания  – 1597 10 (11). Дания  – 1581 118 (116). Қазақстан  – 1160.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×