ФИФА: 2022 жылғы Әлем чемпионаты қыста өтеді

14.07.2018, 04:50
ФИФА: 2022 жылғы Әлем чемпионаты қыста өтеді
ФИФА келесі мундиальдің өткізілетін уақытын бекітті. 2022 жылғы Катарда өтетін Әлем чемпионаты қысқы мезгілде өткізілетін болып шешілді. Катарда спорт жарыстарын  жазғы мезгілде өткізуге ауа райының қолайсыздығы мүмкіндік бермейтіндіктен, ФИФА келесі мундиальді 18 қараша мен 19 желтоқсан аралығында өткізеді,-деген ақпаратты "football.ua" сайты ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасай отырып жариялады. Осыған орай, Катардағы футболдан өтетін әлем чемпионаты тарихқа алғашқы қысқы мундиаль болып енетін болады.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×