![«Фенербахче» - «Андерлехт» матчына болжам](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2025/02/13/67ad876de385a413048583.jpg)
Жозе Моуриньоның командасын көпшілік 1/8 финалдан күткені жасырын емес.
Қолда бар ойыншыларымен «Фенербахче» еш қиналмастан Еуропа Лигасының негізгі кезеңінің қортындысы бойынша үздік сегіздіктің қатарына кіреді деп күтілді. Бірақ, «канарейкалар» әупірімдеп жүріп плей-оффтың өзіне әрең ілінген. Енді бүгін 1/16 финалдық кездесуде «Андерлехттің» әуселесін байқап көрмек.
«Андерлехт» керісінше негізгі кезеңді бір деммен өткізді десе болады. Соңғы турға дейін үздік сегіз команданың қатарына кіруден кәдімгідей үмітті болған бельгиялықтардың жоспарын тек «Хоффенхайм» күл-талқан етті. Бірақ бәрібір 10-орын мен бірге турнирлік сеткамен барынша жоғарылап көрудің мүмкіндігін алып отыр. Бүгінгі бәсекеде көпшілік алаң иелерін айқын фаворит деседі. Жозе Моуриньоның тәжірибесі түркиялық клубты келесі кезеңге алып шығады деп есептейді. Десе де, «Андерлехт» тегіннен 10-орын алған жоқ, бүгін қонақтардың да бір айтары бар секілді бізге.
Ал статистика не дейді? Алаң иелері соңғы 12 кездесуде жеңілістің ащы дәмін татып көрмепті: соңғы үш матчта тіпті голды топырлатып соғып жүр. Түрік Суперлигасындағы соңғы үш матчта 10 доп соқса, оның екеуінде тіпті гол жібермегенін де айта кету керек. Еуропа Лигасында қақпасы соншалықты берік деуге келмейді, десе де «Фенербахченің» шабуылдағы әлеуеті ғажап.
Қонақтардың да шабуыл шебінде гол соға алатын жігіттер жетерлік. Бірақ, тиімді нәтижеге жету тұрғысында біраз мәселелері байқалады – «Андерлехт» соңғы төрт кездесудің біреуін ғана жеңіспен аяқтаған болатын.
Сонымен, бұл ойынға қандай болжам жасауға болады? Біз қос команданың гол соғуды жақсы көретіні мен матчтың өзінің маңыздылығын ескере отырып бұл ойында екінші таймда екі команда гол салады деген нұсқаны таңдадық. Қарсыластар үзіліске дейін сақ ойнаса, болжамымыздың шығып кетуі түк емес. «Фонбет.кз» бұған бақандай 3.05 коэффициент беріп тұр. Тәуекелге бел буатындар үшін жақсы нұсқа біздіңше.
Біздің серіктес: FONBET