«Фейеноорд» - «Милан» матчына болжам

12.02.2025, 11:51

Бүгін Чемпиондар Лигасының 1/16 финалдық кезеңіндегі матч қос команда үшін де маңызды.

«Фейеноорд» - «Милан» матчына болжам
"Милан" ФК футболшылары

Әсіресе, нидерландылықтар үшін. Күні кеше ғана бас бапкерсіз қалған Роттердам қаласының ұжымы сенсация жасауға ниетті. «Фейеноорд» негізгі кезеңді ала-құла аяқтаған. «Баварияны», «Жирона» мен «Бенфиканы» ұтып, жанкүйерлерін бір қуантты. Алайда, осы маусымдағы «Фейеноордты» ең күшті сипаттайтын тіркес – тұрақсыздық. Мюнхендік «Баварияны» 3:0-мен ойсыратқан команда келесі ойында-ақ «Лильден» 1:6-мен оңбай ұтылса, оны тағы басқа қалай сипаттауға болады?

Роттердамдық команданың ішкі біріншілігіндегі жағдайы да көңіл көншітпейді. Маусым басында бас жүлдеден басты үміткер делінген клуб қазір әупірімдеп бесінші орынға қанағат тұтуда. Брайан Прискенің орнын басатын бапкер жағдайды дереу түземесе, команда келесі маусымда ЧЛ-сыз қалуы бек мүмкін.

Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңін миландық клуб үздік сегіздік қатарында аяқтауға кәдімгідей дәмелі болған: бұған қатарынан бес турдағы жеңіс керемет мүмкіндік берген. Алайда, соңғы турда «Динамо» Загребке ойламаған жерден ұтылып, 13-орынға табан тіреді.

А Сериясындағы жағдайы одан да мүшкіл: Сержиу Консейсаудың командасы тек жетінші орында тұр. Чемпиондар Лигасының келесі маусымында өнер көрсеткісі келетін миландықтар енді сүрінбеуді ойлайды.

«Милан» матчтың сөзсіз фавориті, «россонеридің» шабуылдағы әлеуеті де жоғары – соңғы алты ойында голсыз кетпеген. Бүгін қонақтар 1/8 кезеңіне өту үшін аянбайды. «Фейеноорд» та аянып қалмасы анық, алаң иелері тәуекелге барады. Басқа амалы жоқ. Бұл бәсекеде көп доп соғылуы тиіс. Сондықтан біз 3 голдан көп соғылады деген нұсқаны ұсынамыз. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бұл нұсқаға 2.09 коэффициент беріп отыр.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×