«Эвертонды» америкалық кәсіпкер сатып алуы мүмкін

30.09.2022, 17:39
Мәміленің құны шамамен 437 миллион еуро болуы мүмкін
«Эвертонды» америкалық кәсіпкер сатып алуы мүмкін

«Эвертонның» қожайыны Фархад Мошири клубты америкалық кәсіпкер Мацек Каминскиге сату туралы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды The Financial Times.

Мәміленің құны шамамен 437 миллион еуро болуы мүмкін. Мошири мен Каминский арасындағы келіссөздер сәтті өтуде. Енді бұл келісімді Англия Премьер-лигасы мақұлдауы керек.

«Эвертонның» Ливерпульдегі жаңа стадионын қаржыландыруға және Ұлыбританиядағы қаржы нарығының тұрақсыздығына байланысты мәміле құны өзгеруі мүмкін. Егер Каминский клубты сатып алса, Премьер-лигадағы клубтардың жартысында (20-ның 10-ында) америкалық акционерлер болады деген сөз.

Қазіргі уақытта «Эвертон» жеті матчтан жеті ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 13-орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×