Еуропа лигасының ойындарына болжам!

Құрметті футбол сүйер оқырман! Сіздер үшін ертеңгі өтетін  Еуропа лигасының ойындарын саралап, бәс тігетіндер үшін тегін болжам ұсынбақпыз. Бұл әрине, біздің жеке ой-пікіріміз сондықтан бәс тігем деп, бас тігіп жібермеңіздер, ағайын!

Еуропа лигасының ойындарына болжам!

АЗ Алкмар - Галатасарай

Еуропа лигасының қызықты матчтарының бірі Нидерландыда өтеді. Алкмардың АЗ командасы Икарди мен Өсімхен бастаған түріктердің Галатасарайын өз алаңында қабылдайды. Екі команда да көбіне алаңнан гол соқпай кетпейді. Статистикасына қарасақ соңғы 5 ойынның бесеуінде де қос клуб қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Яғни, бұл жолы да шабуылдаушы стильде ойнайтын командалар құр қалмасы анық. Біздің болжам екеуі де гол ұрады. Букмекерлер бұл бәске 1,5-тен жоғары кф беріп тұр. Неге осындай мүмкіндікті пайдаланбасқа?

Болжам: екі команда гол соғады 1,53 кф

Лацио – Лудогорец

Еуропа лигасында әзірге қарсылас шақ келтірмей келе жатқан Лацио «Лудогорец» клубмен кездеседі. Италияндықтар бұл матчтың айқын фавориті. Болгарлар барынша қарсылық танытуға тырысады. Дегенмен, Лацио қазір ішкі біріншілігінде де ұпайдан шашау шығармай келеді. Сондықтан, алаң иелері бұл матчта кемі 2 гол соғады деген болжам көңілімізге сенім ұялатып тұр. Оған букмекерлер 1,5-тен жоғары кф беріп отыр. Және де екі команданың бірі гол соқпайды деген бәс те бек шығатын сияқты. Өйткені, Лудогорец Римде қарсылас қақпасын емес өз қақпасын қорғаумен әлек болады.

Болжам: Лацио 2 голдан көп 1,54 кф, немесе екі команданың бірі гол соқпайды 1,77 кф

МЮ – Буде-Глимт

Тағы бір таңдаған жұбымыз Манчестер Юнайтед пен норвегиялық Буде-Глимт ойыны. Жақында «Қызыл сойқандарды» тізгіндеген Рубен Аморим шәкірттері бұл кездесуде айқын жеңіске жетеді деген сенім бар. Оның үстіне турнирлік кестедегі жағдайын жақсарту керек. Норвегиялықтар да бір атары бар клуб. Яғни, Олд Трафордта голға бай матч болады. Бұл ойында МЮ екі таймда да гол ұрады деген бәс таптырмас шешім. Егер оған күмән келтірсеңіздер жалпы голдар саны 2,5 көп деп 1,43 кф ала салыңыз.

Болжам: МЮ екі таймда гол ұрады 1,75 кф немесе ойындағы жалпы голдар саны 2,5 көп – 1,43 кф.

Карабах – Лион

Әзірбайжанда Карабах Францияның Лионын қабылдайды. Құрбан Құрбанов үшін бұл матчтың маңызы зор. Егер Карабах осы ойында ұпай еншілесе Еуропадағы жорығын жалғастыруға мүмкіндік алады. Лион да үш ұпай еншілеуге дәмелі. Яғни, мұндайда не істейді, екеуі де гол соғуға асығады. Болжамымыз да соған сәйкес екі команда гол салады деген бәсті таңдап отырмыз. 1,55 кф. Немесе Карабах 1 голдан көп деген бәс те ұтымды нұсқа деп ойлаймыз. 1,62 кф.

Болжам: екі команда гол соғады – 1,55 кф немесе Карабах 1 голдан көп 1,62 кф.

РФШ – ПАОК

Латвияда РФШ гректердің ПАОК командасымен шеберлік байқасады. Екі клубтың да Еуропа лигасындағы жағдайы мәз емес. Турнирлік кестенің соңында келеді. Бір жағынан бұл ойын көшсоңынан көтерілу үшін мүмкіндік. Сондықтан, РФШ мен ПАОК үшін я бел, я белбеу кететін матч. Дегенмен, гректер кішкене болса да фаворит. Алаң иелері бірінші таймда төтеп беретін шығар, бірақ екінші кезеңде ПАОК өз голын соғуы керек.

Болжам: ПАОК екінші таймда гол соғады – 1,45 кф.

Бешікташ – Маккаби Тель-Авив

Отандасымыз Бахтиер Зайнутдиновтың клубы Бешікташ израильдік Маккаби Тель-Авивпен кездеседі. Бас бапкер Джованний Ван-Бронкхорст үшін өз орнын сақтап қалу үшін бұл соңғы мүмкіндік. Ал Маккабиге де шегінерге жол жоқ. Қос команданың да соңғы ойындары сүреңсіз. Десе де, бұл матчқа біз Бешікташтың бас сұрмергені Чиро Иммобиле гол соғады деген бәс тігуді жөн көріп отырмыз. Егер мұндай бәс қоюға дәтіңіз жетпесе Бешікташтың жеңісі де жетеді.

Болжам: Чиро Иммобиле гол соғады – 1,94 кф немесе Бешіктасштың жеңісі – 1,55

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×