
Чемпиондар Лигасынан кейін кезек қарт құрлықтағы екінші деңгейлі турнирде.
Мұнда да біраз қызықты ойындар бар. Бүгін командалар 1/8 финалдық кезеңдегі алғашқы матчтарын өткізбек және біз арасындағы ең қызықты да тартыстыларын сүзіп, соларға болжам жазып көрдік.
«Реал Сосьедад» - «МЮ» - 1.90
Тартысты бәсеке бүгін «Реал Сосьедад» пен «Манчестер Юнайтед» арасында күтілуде. Біздіңше, жұпта айқын фаворит жоқ. Бірақ, жанкүйерлерге сонысымен қызық емес пе?
Испаниялықтар ЕЛ-ның негізгі кезеңін сәтсіз бастап, тек 13-орын алды. Плей-офтағы алғашқы қарсылас атанған данияның «Мидтьюланн» командасын бұйым көрген жоқ – 7:3. Бұл жалпы есеп. Ендігі қарсылас әлдеқайда азулы. Мейлі, «МЮ» бұрынғыдай арқырап тұрмаса да кез-келген турнирде бұл ұжыммен санасуға тура келеді.
Иманоль Альгуасиль шәкірттерінің Испания чемпионатындағы жағдайы керемет деуге келмейді – 34 ұпаймен тек тоғызыншы орын. Келесі маусымда басктер еурокубоксіз қалуы мүмкін.
«Манчестер Юнайтед» ше? Рубен Аморимнің командасы негізгі кезеңді 3-орынмен аяқтап, бірден 1/8 финалға аяқ басты. Алайда, бұл ағылшындық жанкүйерлердің жабырқау көңіліне медеу бола ма, себебі, кезіндегі әйгілі клуб тіпті АПЛ-дің ортаңқол командасы деген мәртебеге сай бола алмай тұр: «МЮ» дәл қазір 27 турдан кейін небары 14-орында келеді.
Біз бұл ойында қос клуб та голсыз кетпейді деп есептейміз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі осы нұсқаны таңдағандар үшін 1.90 коэффициентін тарту етеді.
«Фенербахче» - «Рейнджерс» - 1.65
Жозе Моуриньо басы дауға қалса да «Фенербахчені» дұрыс жолға қойғандай. Түрік Суперлигасында «Галатасарайды» кәдімгідей өкшелеп қалған клуб бірінші орыннан небары 4 ұпай қалып отыр. ЕЛ-да біразға баратындай сыңай танытуда. Бірақ басы қатты басталған турнирде түркиялық клуб ес жия алды - ең соңғы 24-орынмен билетті қалтаға салып плей-оф вагонына «секіріп» үлгерді деуге болады. Дегенмен, португалиялық маманның клубы 1/16 да «Андерлехттен» еш қиналмай өтіп кеткен (жалпы есеп 5:2) еді.
«Рейнджерс» те бүгінгі қарсыласы секілді өзінің чемпионатында екінші келеді. «Селтикке» жету мүмкін емес, екеуінің арасын 16 ұпай бөлуде. Десе де, Барри Фергюсонның командасын екінші сатыдан ешкім сырғыта алмасы да анық: үшінші келе жатқан «Хибернианнан» 16 ұпай озып шыққан. Глазголықтардың Шотландия чемпионатындағы соңғы кездегі ала-құла ойынының себебі де осымен байланысты болар. Ал ЕЛ-дағы өнері үздік. «Рейнджерс» біраз мықтының арасында 8-орын алып, бірден плей-офтан көрінді.
Біздің болжам – алаң иелерінің жеке тоталы 1,5-нан көп болады. Бұған сіздер біздің серіктесте 1.65 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
«АЗ» - «Тоттенхэм» - 1.80
Нидерландылық команда ЕЛ-ның 1/16-да «Галатасарайға» тап болған. Алайда, азулы қарсыласты сенімді түрде өтіп, кішігірім сенсацияның авторы атанды - қос матч қортындысында 6:3 (4:1, 2:2). Ішкі чемпионатында Алкмар қаласының командасы еурокубоктік аймақта келеді. Бүгін алаң иелері қорғаныс шебіне ерекше көңіл бөлуі тиіс, ең осал тұсы осы: ЕЛ-ның соңғы үш кездесуінде гол жіберді. Ал жалпы соңғы 5 бәсекеде 8 доп өткізген екен.
«Тоттенхэм» АПЛ-де сүреңсіз. Соңғы бес кездесудің үшеуінде сәтсіз өнер көрсетіп, ұпайдан қағыс қалып келеді. Ал ЕЛ-да жағдайы жаман емес. Соңғы 7 матчтың 5-ін жеңіспен аяқтады. Постекоглу шәкірттері шабуылда әлеуетті, қорғанысы әрине осалдық танытатыны бар. Бұл мачта қалай болар екен?
Болжам – алаң иелері үзілістен кейін гол салады. Бұл нұсқаға 1.80 коэффициентімен бәс тігуге болады.
«ФКСБ» - «Лион» - 1.80
Румыния чемпионы ЕЛ-ның негізгі кезеңінде «Реал Сосьедад», «Аякс» секілді мықтыларды артқа тастап 11-орын алды. Плей-офта грекияның «ПАОК» клубын қос ойында ұтып (2:1, 2:0) «Лионға» қарсылас атануда. Румыниялықтардың қорғанысы мықты – соңғы төрт кездесуде жалғыз гол жіберген. Сондай-ақ, бұған бүгінгі алаң иелерінің соңғы 8 матчта жеңіліс таппағанын да қоса кетіңіз.
«Лион» Лига 1-де алтыншы сатыда. Соңғы сәтсіздіктерден «ПСЖ» ден кеткен есені айтпасақ (3:2) қалған кездесулерде ұпайды тұрақты жиып келеді. ЕЛ-да да тәуір нәтижесі бар – негізгі кезеңде 15 ұпаймен бірден 1/8 финалға аяқ басты. «Лион» еурокубокте биыл сұрапыл, негізгі кезеңде тек «Бешикташтан» ұтылды. Қалғандарының барлығын жеңіспен аяқтаған.
Біздің болжам – қос команда да гол салады. Бұл нұсқаның коэффициенті 1.80.
«Рома» - «Атлетик» Бильбао – 2.12
Бүгінгі ойын күніндегі ерекшесі осы екеуінің арасында болады деп топшылаймыз. Римдіктер мен басктер клубы нағыз плей-офқа сай ойынды паш етуі тиіс.
«Рома» негізгі кезеңді сүреңсіз өткізіп, тіпті плей-офсыз қалу қаупінде болған, бірақ соңғы сәтте жағдайды түзеп 15-орын алды. Римдіктердің жанкүйерлері 1/16 финалдағы қарсылас «Порту» болғанда біраз уайымдағаны анық. Алайда, «Рома» қос матч есебімен қарсыласынан үстем болып, өтіп кетті (1:1, 3:2). А Сериясында римдік клуб тек 8-орында. Биыл шамасы «Рома» ЧЛ-сыз қалатын секілді.
«Атлетик» негізгі кезеңді екінші орынмен аяқтап, нәтижелі өнерімен танылды. Бар мәселе шешіліп қойған 7-турда күтпеген жерден «Бешикташтан» ұтылып, бірінші сатыны «Лациоға» беріп қойған болатын. Ал Ла Лигада басктер 4-орында, өкшелеген «Вильярреалдан» 5 ұпай алда тұр. Бірақ «сары сүңгуір қайықтың» артық бір матчы бар екенін де ескеру керек.
Біз бұл ойында алаң иелері үзіліске дейін есеп ашады деп жорамалдаймыз. Бұған Fonbet.kz-те 2.12 коэффициентімен бәс тігуге болады.
Біздің серіктес: FONBET