Еуропа лигасы: "Ордабасы" өз алаңында әзер жеңіске жетті

12.07.2019, 03:01
Еуропа лигасы: "Ордабасы" өз алаңында әзер жеңіске жетті

"Ордабасы" - "Торпедо" Кутаиси 1:0.

Гол авторы: Т. Ерланов, 67 мин.

Көпшілік түткендей алаң иелері ойын басталысымен шабуылға лап қойды. Сәт сайын Жоао Паулу мен Тоқтар Жаңғылышбай айып алаңының сыртынан соққы жасаумен болды. Ал гол салатын ең қауіпті сәт 24 минутта бұрыштама добынан кейін орын алды. Бразилиялық сұрмерген Жоао Паулу әуелете асырған, жолай қорғаушыларға тиіп келген допты Темірлан Ерлановтың баспен бағыттаған. Алайда, "Торпедо" қақпашысы Роин Квасхвадзе соққыны тойтарып үлгерді. Ал тайм соңына қарай 41 минутта Жоао шірене тепкен допты Роин тырп еткізбей уысында ұстады.

Екінші тайм да "Ордабасы" шабуылымен жалғасып кете берді. Матчтағы жалғыз гол 67 минутта кезекті бұрыштамадан соң соғылды. Бұл жолы оң қапталдан Зиги Бадибанга әуелете асырған допқа Темірлан Ерланов басын қойып қалды. Ала доп осы сәтте қақпасын қараусыз қалдырған Роин Квасхвадзенің көз алдында торда тулады.

Осыдан кейін "Ордабасы" футболшылары аз-кем демалып алып, тағы шабуылға кірісті. Ойын соңына дейін барынша тықсырып баққандарымен екінші голды соғудың сәті түспеді.

Енді қарымта матч бір аптадан соң Грузияда өтеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×