Еуро-2020 қарсаңында: Д тобына шолу

03.06.2021, 16:36
Бұл топта ағылшындар фаворит.
Еуро-2020 қарсаңында: Д тобына шолу

Еуро-2020. Д тобы. Англия, Шотландия, Хорватия, Чехия.

Бұл топтағы құрамаларды салыстырмалы түрде алып қараса Англия мен Хорватияның мысы басым.

Енді осы елдердің нәтижелеріне назар салсақ. Іріктеуден қалай өтті? Үздіктері кім? Қандай жетістіктері бар?

Ағылшындар ең алғашқы ойындарын осы топтағы Шотландия құрамасымен 1872 жылы өткізді. Есеп 0:0. Тиісінше шотландиялықтардың да ең алғашқы матчы осы. Ал ең үздік ойыны 1882 жылы Ирландия құрамасымен болған ойын, матч қорытындысы 13:0. 1954 жылы Англия Венгрияға оңбай ұтылды. Таблода 1:7 есебі жанды.

Шотландияның алғашқы ойынын айттық. Ең ірі жеңістері, 1901 жылы Ирландияны 11:0 есебімен ұтуы. 1954 жылы Уругвайға өз тарихында ең ірі есеппен жеңілді. Жауапсыз жеті гол өткізіп алды.

Хорватия құрамасы тәуелсіз Хорватия ретінде 1990 жылы алғашқы ойындарын АҚШ құрамасына қарсы өткізіп, 2:1 нәтижесімен жеңді. 2016 жылы Сан-Мариноға қарсы 10:0 есебін тіркеп, ең ірі жеңістеріне қол жеткізді. 2018 жылы Испаниядан 0:6 болып жеңіліп, ірі жеңілістеріне ұшырады.

Чехия. Бұл елдің құрамасы 1994 жылы Түркия елімен алғашқы матчын өткізіп, 4:1 есебімен ұтты. Ең ірі жеңістері, 7 доп айырмасымен ұтқан бірнеше матчтары. Олар: Андорра 2005 жыл 8:1, Сан-Марино 2006 және 2009 жылдары 7:0. Алғаш рет 2019 жылы ғана ірі ұтылысқа ұшырады. Ол осы топтағы ағылшындарға қарсы болған ойын еді. Чехтар 0-5 есебімен тізе бүкті.

Бұл құрамалардың Әлем чемпионатына және Еуропа чемпионатына қатысу көрсеткіші мынадай:

Ағылшындар Әлем чемпионатына 15 мәрте қатысқан, соның бірінде 1966 жылы алтын алқалады. Еуропалық доп додасына 9 рет қатысып, 1968, 1996 жылдары қоланы қоржынға салды.

Шотландия Әлем чемпионатына 8 мәрте қатысқан, ешбірінде топтан шықпаған. Биыл Еуропа чемпионатының 3-ші жолдамасына иелік етіп отыр.

Хорваттар 5 мәрте әлемдік ала доп бәсекесінде бақ сынады. Соңғысында финалда сүрінді. Бұл осы турнирдегі ең биік шыңдары. Ал, Еуропа чемпионатында 5-ші мәрте бақ сынайын деп отыр. Бірақ, ауыз толтырып айтатын жетістіктері жоқ.

Чехтар әлемдік сынға 1 мәрте қатысу мүмкіндігіне ие болған, ол 2006 жыл. Топтық кезеңнен жарысты тоқтатқан. Чехия құрамасы 6-шы мәрте Еуропа чемпионатына қатысайын деп отыр, 1996 жылғысында екінші тұғырдан көрінген.

Құрама үздіктері:

Ағылшындарда алаңда ең көп ойын өткізген ойыншы: Питер Шилтон, 125 ойын. Құрама сұрмергені Уэйн Руни, қоржынында 53 гол бар.

2Q==


Шотландия үшін Кенни Далглиш 102 ойын өткізіп ең үздік атанса, осы Кенни Далглиш пен Денис Лоу 30 голдан соғып сұрмергендер көшін бастап тұр.

2Q==

Хорваттар сапында Лука Модрич 135 ойын өткізген және бұл көрсеткіштің әрмен қарай ұлғая түсетіні сөзсіз. Себебі, ойыншы әлі құрама тізімінде. Ал, сұрмерген ойыншылары Давор Шукер. Нәтижесі 45 гол.

2Q==


Чехия құрамасында ең көп ойынға шыққан Петр Чех. Ол 124 ойында ұлттық құрама қақпасын күзеткен. 55 гол соққан Ян Коллер осы құраманың сұрмергені.

Z


Бұл турнирге өз елдерінің басты құрамаларын төмендегі бапкерлер бастап келеді. Олар: Гарет Саутгейт (Англия), Стив Кларк (Шотландия), Златко Далич (Хорватия), Ярослав Шилгавы (Чехия).

Z


Бұл құрамалар іріктеу сындарынан еш қиындықсыз өтті. Тек Шотландия құрамасы бұл Еуро-2020 турниріне қосымша жолдаманы Ұлттар лигасының арқасында еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×