Еуро-2016-ның қаһарманы чемпиондық медалінен айырылыпты

12.07.2018, 17:54
Еуро-2016-ның қаһарманы чемпиондық медалінен айырылыпты
Португалдық шабуылшы Эдер өміріндегі ең құнды марапаттан айырылып қалыпты. 2016 жылы Эдер дәл Криштиану Роналдумен бір қатарда португалдық жанкүйерлер үшін ардақты саналған болатын. Дәл осы шабуылшының француздарға ойынның 109-шы минутында соққан голы Португалияны Еуропа чемпиондары атандырған. Өкінішке орай, арада екі жыл өткенде Эдердің Еуропа чемпионы атағы үшін берілген медалі қолды болды. "Менің чемпиондық медалім арнайы қорапта сақтаулы еді. Мен үшін бұл марапаттың құндылығы зор еді, бірақ менің үйіме ұрылар түсіп, оны қолды қылды",-деп шабуылшы өкінішін білдірді.   Естеріңізге сала кетейік, соңғы Еуропа біріншілігі финалының жеңіс голының авторы ӘЧ-2018-ге келген Португалия құрамына  іліне алмаған болатын.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×