![](https://sun9-8.userapi.com/c540100/v540100494/4b615/OUMD9y-Q1pQ.jpg)
Жанкүйерлер Пасульконың кезіндегі Ордабасыны қатты сағынады. Əрине, Алексей Петрушин мырза команданы чемпионат қорытындысы бойынша алғаш рет үздік үштікке кіргізгенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, алғашқы жүлдені (Қазақстан кубогы, 2011 жыл) алып беріп, көп ұзатпай екінші жүлдені (Қазақстан Суперкубогы, 2012 жыл) қоржынға салып, Еурокубок ойындарына тұңғыш қатысуымызға Виктор Пасулько мырза сүбелі үлес қосты.
Сондай-ақ, сол Еурододада тəп-тəуір өнер көрсеттік. Азуын айға білеген Русенборгтың өзін əбден састырып, терезесі тең дәрежеде ойнай білдік. (Норвегиялықтардан екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіліс табуымыз, меніңше, төрешінің қателігі болды). Касьяновтың алыстан бағыттайтын "зеңбірегі" қандай еді!
Гуйе мен Бабатунденің жұбы, одан кейін пайда болған Юнузович пен Левиннің тандемін айтсаңшы, шіркін! Евгений оң қанатпен ойқастап барып, Эдиннің басына қолмен қойғандай етіп пас асырушы еді, одан əрі Юнузович өз жұмысын +5 деген бағаға орындайтын. Қайран кездер-ай! Бастысы - командадағы атмосфера түзу еді.
Клубтың командалық ойыны сүйсінтіп, көз қуантатын. Ойынға қарап отырып қазіргідей қарын ашып, іш пыспайтын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, айтқым келгені, Ордабасы мен Пасулько бір-бірі үшін жаралғандай еді...