Ескендір Қыбырай: Ұлттық құрамаға ойнау арманым еді

11.11.2021, 05:16
«Шахтер» командасының қорғаушысы Ескендір Қыбырай биыл жанкүйерлер көзайымына айналды. Қазақстан құрамасының бас бапкері оны ұлттық құрамаға алып, алдағы ойындарда алаңға шығармақшы.
Ескендір Қыбырай: Ұлттық құрамаға ойнау арманым еді

-       Ескендір, ұлттық құрамаға алынғаның құтты болсын!

-       Иә, рахмет. Ұлттық құрамада ойнау арманым еді. Жалпы, кез келген футболшы үшін өз елінің басты командасында ойнау зор абырой ғой. Талғат Байсуфиновтың құрамаға шақыртқанына ризамын. Мен қолымнан келгенше құрамаға көмектесуге дайынмын.

-       Алдағы матчтар туралы айтсақ. Мысалы, Франция құрамасы туралы қандай пікірдесің?

-       Франция – Әлем чемпионы. Олармен ойнау әрбір командаға зор мәртебе. Құрамында кілең жұлдызды футболшылар ойнайды. Мбаппе, Бензема, Гризманн секілді ойыншыларды барлығыңыз танисыздар. Сондай шебер футболшылармен ойнап, тәжірибиемізді, шеберлігімізді арттыратынымыз анық. Мықты қарсыласқа қарсы ойнасаң ғана мықты бола түсесің.

-       Бапкер бұл матчқа байланысты не айтып жатыр, қандай мақсат қоймақшы?

-       Мен енді оның барлығын ашып айта алмаймын. Десе де, Францияға қарсы матчта біз шабуылдап көрмекшіміз. Тек қана қорғаныста отырмай, шабуылға шығып, өз бағымызды қарсылас команданың айып алаңынан іздесек дейміз. Алға қарай шығып, еш ұялмастан соққылар бағыттауға тырысамыз. Ал басқа тактикалық құрылымдарды менің айтуға құқым жоқ.

-       Биылғы маусымда Сіз 22 ойынға қатысып, 1 гол салдыңыз. Жалпы футбол маусымы қалай өтті деп айтар едіңіз?

-       Мен үшін бәрі жақсы өтіп жатыр. Маусым елімізде аяқталды дегенімен де, мен үшін енді қызып келе жатқан сыңайлы. Себебі, міне, ұлттық құрамаға алындым. Сосын, «Шахтер» сапында Қазақстан кубогының матчтарына қатысамын. Негізі маусымның басында менде кішігірім қиындықтар болды. Кейіннен бас бапкер ауысып, алаңға тұрақты түрде шыға бастадым. Қарағандының «Шахтері» биыл еурокубокте сәтті ойнады. Ол да мен үшін зор тәжірибие болды.

-       Енді клубтағы ойының жайлы сұрағым келіп тұр. «Шахтер» үшін басты мақсат Қазақстан кубогын жеңу ғой?

-       Иә, клуб басшысы Ерлан Жанатайұлы Оразаев бізге осындай мақсат қойды. Қазақстан кубогын жеңу арқылы біз келесі жылы Конференция лигасына қатыса аламыз. Биыл осы жарыста Қазақстан намысын қорғадық. Тіпті, сенсациялар жасап, соңғы шешуші айналымға дейін жеттік. Румынияның атақты клубы «Стяуаны», сосын Украина елінің белді клубы «Колосты» артта қалдырдық. Келесі жылы да солай ойнау үшін ел кубогын жеңуіміз ұажет. Ол біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын.

-       Шамасы, «Шахтер» финалда «Қайратпен» ойнайтын сияқты ғой.

-       Иә, солай сияқты. Себебі, біз «Тобылды» 3 доп айырмасымен жеңдік. «Қайрат» болса тіпті сырт алаңда 3 доп айырмасымен «Астананы» жеңді. «Шахтер» мен «Қайрат» Қазақстан кубогының финалында кездессе қызық матч болады деп ойлаймын. Біз биыл чемпионатта 2 рет кездестік. Қарағандыдағы матчта да, Алматыдағы ойында да есеп 1:1 тең болды. Демек, тартысты матч болары анық деген сөз.

-       Сұқбатыңа рахмет!

Ермұхамед Мәулен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×