"АЗ Алкмаар" клубымен ойыннан кейін "Қайраттың" шабуылшысы Адеринсола Эсеоланың sports.kz сайтына берген сұхбатының сұрақтарының бірінде қарсылас команда туралы ойымен және осы ойында жеңіске жетудің сырымен бөлісті.
— Қарсылас команданың ойыншыларының дайындық мектебі мықты - допты бақылауы, пас алмасуы, ойынды ойластыруынан байқалып тұрды. Мүмкін қонақтарға тәжірибе жетіспеді, өйткені құрамында 17-18 жасар ойыншылар болды. Меніңше, біз олардан тактикалық тұрғыдан емес, физикалық жағынан басым түстік. "Қайраттың" ұтуға деген ниеті басымырақ болды, оның үстіне жанкүйер қолдауы, әріптестерімнің ойындағы жанкештілігі де зор болды.