Керекулік Ертіс жабылды. Естігенде, бүкіл футболдан хабары бар адамның барлығы дерлік кінәліні іздеді, кеткен қателіктердің түрін түстеп жарыса жазды. Павлодарда футболды сүйетін Ертістің жанкүйерлері шулап жиналып, қайтаруға тырысып-ақ көрді, бірақ еш қайран болмады.
Ассалаумағалейкум, футболды көзімен көріп, ішімен сезіп, түсінетін көрермен!
Бәрі үйренді, тынышталды. Бірағы бітпейтін қазақ футболына үлкен зиян келгенін біреулер түсінсе, біреулер түсінбесі анық. Енді айту керек, Ертісті қайтаруға тырысу керек. Ертісті қайта құрып, чемпионатқа оралту керек. Қазақстандағы индустриялды, үлкен деген қалада футбол командасының болмауы, бұл-катастрофа. Команда құрылсын, шетел ойыншыларын алдыртпай-ақ, оларға сонша ақша шығындамай-ақ, жергілікті жастармен, әр қайсысына айлық жоқ дегенде 150 мың теңге берседе, чемпионаттағы орнын сақтау үшін алғашқы маусымда ойнатса, солай-солай тапсырманы жоғарылатса, әлгі жас дегендерің ойынға төселіп, ұлттық құрамаға кандидаттар көбейер еді. Нөльден басталған шаруаны, яғни құрылған команда басшылығына футбол үшін жаны ашитын адам қойып, соған тапсырманы нықтап беріп, тапсырса, корупциясыз басқарылса көп ұзамай жоғары нәтижеге жетері сөзсіз. Басқа клубтар сияқты стадионнан аса қиналмайтын Ертісімді, орталық стадионнан көру бақытын асыға күтіп жүрміз. Футболға жанашыр жандар табылып, Керекуге үлкен футболды қайтарса-ғой!
Біздің серіктес: FONBET