Ғафуржан Сүйімбаев енді мансабын павлодардың «Ертісінде» жалғастыратын болды.
Шымкент футболының түлегі 2016-жылдан бастап «Қайраттың» намысын қорғап келді. Оған дейін шымкенттік «Ордабасы» сапында доп тепкен қорғаушы Қазақстанның премьер-лигасында дебюттік ойынын 2010-жылы өткізген. Футболшының мансабында «Ордабасы» мен «Қайраттан» бөлек «Ақсу» командасының да намысын қорғаған болатын.
Сондай-ақ, Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан ұлттық құрама командасының қатарында 42 матчта алаңға шығып, 4 рет мергендік танытқан және соншама рет ассист берген еді.
Біздің серіктес: FONBET