
Bild порталының хабарлауынша, «Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Эрлинг Холандты клуб кемі 75 млн, еуроға сатады. Бұл тармақ норвегиялық футболшының келісім-шартында 2021 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ал еңбек шарты 2024 жылға дейін жарамды.
19 жастағы сұрмерген «Боруссияға» 1 қаңтардан бастап ауысқан еді. Неміс ұжымы «Зальцбургке» Эрлинг үшін 20 миллион еуро төлеген болатын.
Биылғы маусымда ол барлық бәсекеде 24 ойын өткізіп, 33 гол салған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET