Ерлан Айтпайұлы қазақстандық футбол саласының танымал маманы.
Отандық футбол федерациясында (ҚФФ) әртүрлі қызметтер атқарып, «Ұшқын-Искра» футзал клубы мен Қазақстанның жағажай футболы құрамасын жаттықтырған. 2021 жылдан 2023 жылға дейін «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылдың желтоқсанында Көкшетаудың «Оқжетпесіне» бас директор болып тағайындалды. 2024 жылы ҚФФ президенттігіне үміткер ретінде тіркелгенімен, 18 желтоқсанда өз кандидатурасын сайлаудан алып тастады.
Естеріңізге сала кетсек, QFL-ді осыған дейін Ғани Қайназаров тізгіндеген болатын
Біздің серіктес: FONBET