Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» сапынан кететін болды

Алматының «Қайраты» маусым аяқталғалы бірқатар футболшымен қош айтысып үлгерді. Қақпашы Даниль Устименко, шабуылшы Вячеслав Швырев келер жылы басқа клубқа ауысатынын айтқан еді. Енді солардың ізімен Еркебұлан Сейдахмет те командадан кететіні белгілі болды.

Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» сапынан кететін болды

Жас кезінде қазақстандық «Месси» деген лақап атқа ие болған Сейдахмет алматылықтардың сапында табан ауыстырмастан 5 жыл доп тепті. Шабуылшы рөлінде мансабын бастаған Еркебұлан осы уақыт ішінде қапталдағы қорғаушыға айналды. Кезінде екі-үш ойыншыны оп-оңай алдап өтетін Сейдахмет «Қайратта» жүріп бұл талантын жоғалтты десек қателеспейміз. Шабуылдаушы-қорғаушының алматылықтармен келісім-шарты аяқталып, екі тарап осы жерден айырылысуға шешім қабылдапты. Әзірге, Еркебұлан жаңа маусымда қай командаға ауысатыны белгісіз. Ол өзіне келіп түскен ұсыныстарды саралап, жаңа жылға дейін клубтық мансабын қайда жалғастыратынын шешіп алмақ.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×