Эредивизия "Аякс" үшін 33 тур ойындарына өзгеріс енгізді

25.04.2019, 05:15
Эредивизия "Аякс" үшін 33 тур ойындарына өзгеріс енгізді
Нидерланды корольдігінің футбол федерациясы біріншіліктің 33 тур ойындарын "Аякстың" үшін алға жылжытты. Өйткені, Амстердамның клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Тоттенхэммен" күш сынасатын болады. Маусым басталарда күнтізбе жасаған кезде бұндай жағдай орын алады деп ойламаған еді. Дегенмен, "Аякс" бұл ойды теріске шығарды. Енді федерация Эрик Тен Хаг бастаған клубқа қол ұшын созып отыр. Əдеттегідей, Эредевизияның 33 пен 34 тур ойындары бір уақытта өтеді. Бұл клубтардың келісілген матчтарын болдырмау үшін жасалған. Алайда, өзгеріске сай 33 тур 28 сəуір күні емес, 15 мамырда өтеді. Ал 34 тур өзгеріссіз 12 мамырда басталады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×