
«Ювентус» жартылай қорғаушысы Эмре Джан осы қысқы трансферде Дортмундтың «Боруссиясына» ауысуы мүмкін деп хабарлайды Николо Скира есімді журналист.
Сондай-ақ, 26 жастағы футболшыға «Милан», «Эвертон», «Манчестер Юнайтед», «Барселона», «ПСЖ» қызығушылық танытып отыр деген мәлімет шыққан-ды.
Джан 2018 жылы жазда «Ливерпульден» «Ювентуске» еркін агент ретінде ауысқан еді. Биылғы маусымда А сериясында 8 ойынға қатысып, 2 сары қағаз алған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET