
Андрей Карпович
«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович «QSpor-ға берген сұқбатында семейлік клубтың мақсат-міндеттері мен оқу-жаттығу жиындарының қалай өткендігі туралы айтып берді.
«Қандай мақсаттарымыз болған, соларды әлі де ұстанып келеміз. Балалардың өсіп, дамығанын көрсек дейміз. Ұлттық құрамаға көбірек ойыншымыз тартылып, ол жақтағы алдыңғы қатарлы футболшыларға айналса деген үміт те басым. Қазір құрамымыз жаңарды, жастар құрамасында доп тепкен үш-төрт футболшы бар. Сенім артып, болашақтарынан үлкен үміт күтемз. Олар енді басты құрамаға лайықты ойыншы болады деп үміттенемін. Ойынға келетін болсақ,. Барлығын уақыт көрсетеді», - дейді А. Карпович.
Естеріңізге сала кетсек, «Елімай» былтыр ҚПЛ-ді алтыншы орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: FONBET