Елдос Ахметов: бір айдан соң алаңға ораламын

10.07.2018, 16:08
Елдос Ахметов: бір айдан соң алаңға ораламын
"Қайрат" қорғаушысы Елдос Ахметовтің жарақатынан толықтай айығып шығуына бір ай уақыт қажет. "Қайраттың" youtube-тегі каналында жарық көретін күнделіктерінің бірінде, канал жүргізушісі Елдосқа сұрақ қойған болатын. - Елдос, қалың қалай? - Бәрі жақсы. - Ең маңызды сұрақ, жарақатыңнан айығып шығуыңа қанша уақыт қалды? - Меніңше, бір ай уақыт қалды. Солай боларына сенеміз!-деп үміт білдірді. Ойыншы мен қайраттық қызметкер Данияр Хизметов арасындағы шағын сұхбат 6 шілдедегі "Қайрат" пен "Ертіс" арасындағы ҚПЛ-ның 17 тур кездесуі қарсаңында орын алған еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×