ЕЛ-ның 1/8 финалдық кезеңінің қарымта матчтарына болжам

13.03.2025, 15:55

«Атлетик» Бильбао – «Рома» - 1.90

ЕЛ-ның 1/8 финалдық кезеңінің қарымта матчтарына болжам
"Реал Сосьедад" - "Манчестер Юнайтед" кездесуі

«Сан-Маместе» ешкімге оңай болмайтынын жақсы білеміз. Бүгін «Романы» да қиын кездесу күтіп тұрған секілді. Басктер сырт алаңда жеңіп тұрып, жеңісті уысынан шығарып алған. Бүгін соның есесін қайтаруға жақсы мүмкіндік. «Атлетик» Ла Лигада 4-орында, соңғы турда «Мальоркамен» ұпай бөлісті - 1:1. Эрнесто Вальвердені ойландыратын жайт - негізгі екі қорғаушысы ойнай алмайды (Альварес Римде алаңнан қуылса, Вивиан жарақатынан айғуда).

«Рома» күрделі матчта маңызды жеңіске жетіп, Бильбаоға жақсы көңіл-күйде барады. Десе де 2:1 деген есеп әсте босаңсуға мүмкіндік бермейді. Клаудио Раньери римдіктердің тілін енді тапқандай – «Рома» соңғы бес бәсекенің барлығын жеңіспен аяқтап, тамаша серия тарту етіп отыр. Бүгін соны жалғастыра ала ма?

Болжам – екі команда да гол салады. Fonbet.kz бұған 1.90 коэффициент беріп отыр.

«Манчестер Юнайтед» - «Реал Сосьедад» - 2

 Ең тартысты матчты осы екі клуб ұсынады деп күтеміз. АПЛ-де 14-орынды қанағат тұтуға мәжбүр болған алаң иелері басымдықты еурокубокке сала ма? Рубен Аморимнің командасы «Реал Сосьедад» алаңындағы бірінші ойында есеп ашып, жеңіске жақын тұрып еді, бірақ өзінің әдетіне сай матч аяғын сүреңсіз өткізді. Нәтижесінде 1:1. Одан кейін премьер-лигада «Арсеналдың» зәресін алып, ұпай бөлісті. Онда да «Сан Себастьяндағы» кездесудің есебі тіркелген болатын.

«Реал Сосьедад» Ла Лигада 11-сатыда. Соңғы турда «Севильяға» лайықты қарсылық таныта алған жоқ - 0:1. Бұл былай тұрсын, соңғы 4 матчтың үшеуінде ұтылып, еңсе тіктей алмай тұрған жайы бар. Бүгін әйгілі «Олд Траффордтағы» қысымға қалай шыдайды деген ой келеді...

Болжам – бірінші таймның жалпы тоталы 1-ден көп. Бұл нұсқаға сіздер 2 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.

«Рейнджерс» - «Фенербахче» - 2.08

Жозе Моуриньоның командасы өзінің алаңында ойсырай ұтылды. Енді бүгін Глазгода соның есесін қайтаруы тиіс. Түркиялық грандтың ұтылуы кездейсоқ жағдай деуге келмейді – шотландиялық клуб сойқан көрінді. Әсіресе, Сирилл Дессерстің шабуылдағы ойыны сұрапыл болған. «Фенербахче» глазголық шабуылшыны қалай тұсаулауды ойластырған шығар, әйтпесе жағдай нашар.

«Рейнджерс» те өзінің бар күшін Еуропа Лигасына салады – Шотландияның чемпиондығын «Селтик» әлдеқашан еншілеп қойған. Кельттердің ендігі діттегені еурокубоктік ойындар.

Алаң иелерінің жеке тоталы 1.5-нан көп болады дегенге бүйрегіміз бұрып тұрғаны. Ал оның коэффициенті 2.08 екен.  

«Тоттенхэм» - «АЗ» - 1.75

Қос команданың 1/8 финалдық кезеңіндегі бірінші кездесуінде Ангелос Постекоглудың командасы барлық көрсеткіш бойынша қарсыласынан есе жіберді. Лондондық клуб тек допқа иелік етуден басым түсті демесеңіз, қалғанының барлығында «АЗ» үстемдік танытып, лайықты жеңіске жетті. Иә, 0:1-деген қасірет емес, десе де англиялықтардың ойыны үлкен үміт сыйламайды - «Тоттенхэм» соңғы үш кездесуде сәтсіз ойнап, жанкүйер көңілін қалдыруда.

Мартен Мартенстің командасына бүгін тең ойын да жеткілікті. Бірақ, шамасы келсе қонақтар жеңіспен қайтудан да кетары емес. Сырт алаңдағы статистикасы бұған толықтай негіз береді – 4 кездесудің 2-інде жеңіс, 1 тең ойын. Команданың шабуылдағы ойыны да жемісті. Қысқасы, «АЗ» нидерландылықтардың биылғы еурокубоктердегі кезекті кішігірім сенсациясын сыйлайын деп отыр.

Бұл бәсекеде екі команда да гол соғады деген болжамды таңдадық. Ал оның коэффициенті 1.75.   

«Айнтрахт» - «Аякс» - 2.80

«Айнтрахт» алғашқы матчта күтпеген жерден жеңіске жетіп, қарымта ойында біраз басымдыққа ие болып отыр – 2:1. Бірақ өткен демалыста Бундеслигада «Унион Берлиннен» ұтылды. Жалпы, қазір неміс біріншілігінде 4-орында келеді.

Ал «Аякс» біраз уақытқа созылға дағдарысты артқа тастаған секілді. Эредивизиде қазір амстердамдықтардан мықты ешкім жоқ. «Аякстің» бірінші орыны ешқандай даусыз. Өткен жолы «Зволлені» 1:0-мен ұтып, көшбасындағы позициясын мықтай түсті. Мейлі сырт алаңда ойнаса да бүгін үмітсіз емес, себебі, өздеріңіз білетіндей 1:2 деген есеп сондай бір алынбас қамал емес...

Болжам - «Аякс» тоталы 1.5-нан көп. Бұған 2.80 коэфициентімен бәс тіге аласыздар.

«Лацио» - «Виктория» Пльзень – 2.25

Марко Баронидің командасы Чехиядағы ойынның соңын 9 футболшымен өткізсе де жеңісті жұлып ала алды. Еуропа Лигасының негізгі кезеңін бірінші орынмен аяқтаған «қырандардың» көксегені әрине турнирдің трофейін еншілеу. Жалпы, «Лацио» Италияның жоғары дивизионында қазір 5-орында. Бір саты алда тұрған «Ювентуспен» арасын бірақ ұпай бөліп тұр.

«Виктория Пльзені» де жеңісті ойлайды. Қос команданың арасындағы алғашқы кездесуден кейін «Пардубицемен» көп күш жұмсамай, ұпай бөлісті 0:0. Эконом режимін қосқанына қарағанда, Мирослав Коубек шәкірттері бүгін Римді «алуға» тырысатын сияқты.  

Біздің болжам – матчтың жалпы тоталы 3-тен көп болады. Бұл нұсқаның коэффициенті 2.25.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×