ЕЛ матчтарына болжам: «Порту» - «Рома», «АЗ» - «Галатасарай»

13.02.2025, 14:35

«Порту» - «Рома»

ЕЛ матчтарына болжам: «Порту» - «Рома», «АЗ» - «Галатасарай»
"Порту" - "Рома" матчынан

Дәрежесі жөнінен Чемпиондар Лигасына лайық бәсекеде Еуропа Лигасының 1/8 финалдық жолдамасын «Порту» мен «Рома» сарапқа салғалы отыр. Португалияның әйгілі клубы үшін биылғы маусым өте ауыр да сәтсіз өтуде. «Айдаһарларды» тіпті қырсық шалған ба дерсіз – ЕЛ-ның плей-офына тек соңғы турларда шыға алған команданың Португалия біріншілігіндегі жағдайы да аса жақсы емес. Қазіргідей ала-құла ойнаса, маусым соңында үздік үштіктің қатарынан кіре алмай қалатын түрі бар. Екінші орындағы «Бенфикадан» төрт ұпайы кем «Портуға» бүгін өз алаңындағы матчтың маңызы зор. Оның үстіне португалиялықтардың бүгінгі қарсыласты өз алаңында қабылдауы жөнінен статистикасы да тәуір екен – соңғы екі матча «Рома» Драгаудан тек бір ұпаймен қайтқан. Бұл жолы да сол дәстүр жалғаса ма жоқ Клаудио Раньеридің командасы тиімді нәтижене олжалай ма?

«Рома» үшін де маусым керемет емес – ЕЛ-ның негізгі кезеңінің қортындысы бойынша 15-орын мен А Сериясындағы қазіргі 8-сатысын жай сәтсіздік деу жеткіліксіз. Құрамы жағынан әжептәуір күшейген римдіктерден жанкүйерлерінің мүлде басқаша нәтиже күткені даусыз. Қалай дегенде де, «Рома» үшін бүгін маусымдағы өте маңызды ойынның бірі болады.

Біздің болжам, «Порту» бірінші таймда гол салады. Римдік команданың қорғаныстағы көрсеткіштері нашар әрі алаң иелері алғашқы минуттардан қыспаққа алуы тиіс. «Порту» қарымта кездесудің алдында басымдықты көздейді, ол үшін бүгін бірінші минуттардан қарсыласының қақпасына төне түседі. «Фонбет.кз» бұған 2.10 коэффициент беріп тұр екен. Бір нәтижелі соққы не рикошет болса, бар мәселе шешілді дей беріңіз.

«АЗ» - «Галатасарай»

Бұл жұпта стамбулдық команда анық фаворит көрінеді. Бірақ, доп домалақ. Алаң иелерінің ЕЛ 1/8 финалына шығатын ниеті бар, сол үшін Маартен Мартенс шәкірттері өз алаңында қолдан келгеннің бәрін салады. Негізгі кезеңдегі 19-орынның арқасында «АЗ» плей-оффқа жолдама алды. Өзінің біріншілігінде үздік үштіктен тыс қалған. Төртінші сатыға табан тіреген нидерландылық ұжымды бірақ «Твенте» бастаған бірнеше бәсекелесі өкшелеп келеді. Сондықтан, жанкүйерді қуанту үшін бүгін «Галатасарайды» ұтып, қарымта ойын алдында басымдыққа ие болу керемет мүмкіндік. Оған «арыстандар көнер ме екен?    

«Галатасарайдың» Түрік Суперлигасындағы жағдайы тамаша. ЕЛ аясында бүгін кездесу өткізетін «Фенербахче» болмаса, Окан Буруктің клубына шақ келер ешкім табылмай тұр. Ал еурокубоктің негізгі кезеңінде түркиялық команданың сапары ондай сәтті бола қойған жоқ – тұрақсыз ойнап 1/8 финал жолдамасынан әлдеқашан үміт үзіп қойған. Енді бүгін Нидерланды жерінде жақсы мүмкіндік. Егер сырт алаңда «АЗ» ды қапы қалдырып қайтса, келесі кезеңге бір табан жақындайтын еді. Сонымен, бұл бәсеке туралы не болжауға болады?

Екінші таймның тоталы 2-ден көп деген нұсқаға қалай қарайсыздар? Ойынның градусы мен белгілі жағдайларды ескерсек, неге ойнап кетпеске? Коэффициенті де керемет екен – 2.65.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×