ЕЛ матчтарына болжам – 9.76

20.02.2025, 12:39

«Андерлехт» - «Фенербахче» - 1.93кф

ЕЛ матчтарына болжам – 9.76
"Порту" - "Рома" матчынан

Бельгиялық клубқа бір апта бұрынғы сәтсіз матчтан кейін еңсе тіктеу қиын болады. Сырт алаңда жауапсыз үш гол жіберген Давид Хуберттің командасы бүгін есе қайтара ала ма?

«Андерлехт» соңғы алты кездесуінің тек екеуін жеңіспен аяқтаған. Оның үстіне бүгінгі қарсыласымен статистикасы да көңіл көншітпейді – «Фенербахчеге» қарсы соңғы бес матчтың төртеуінде ұтылып, тек бір ойында тең тарқасты. Түркиядағы бірінші ойында да бельгиялықтар мардымды ештеңе көрсете алмаған. Сондықтан, бұл жұпта көп дүние шешіліп қойған секілді көрінеді. Бірақ доп домалақ, кім біледі...

Бұл ойынға ұсынатын болжам – алаң иелерінің бірінші таймдағы голы. «Андерлехт» бел не белбеу кететін бәсекеде несіне аянып қалсын? Бірінші минуттардан шабуылдап, жылдам гол салуы керек келесі кезеңнен үміті болса. Сол үшін бұл вариант әбден мүмкін. Fonbet.kz алаң иелері үзіліске дейін гол салады дегенге 1.93 коэффициент беруде.

«Галатасарай» - «АЗ» - 2.20

Түркиялық гранд Нидерландыдағы матчтан кейін ес жиып, етек-жеңін жинап үлгерді ме? «АЗ» дың алаңындағы «шоктан» кейін Окан Буруктың шәкірттері үлкен ерлік істеуі тиіс. Әйтпесе, Түркия Суперлигасындағы сайыстан басқа мотивациясы қалмайтын түрі бар.

Алаң иелері соңғы 32 матчта міндетті түрде гол салып келіпті. Бірақ «арыстандардың» қорғанысы өте осал. Сырт алаңдағы 4 допты былай қойғанда, «Галатасарай» соңғы төрт матчтың үшеуінде гол жіберіп келді. Алаң иелерінің сапында Мората, Икарди мен Ақкүндей негізгі құрамның ойыншылары болмайды. Қысқасы, түркиялық топ-клубтың мәселесі жетерлік, бірақ соңына дейін күресетіні сөзсіз. Біздің болжам – екінші таймның тоталы 2-ден көп болады. Бұған берілген коэффициент 2.20.

«Рома» - «Порту» - 2.30

ЕЛ-ның 1/16 финалдық кезеңіндегі ең тартысты жұпты осы командалар құрады. Бірінші бәсекеде римдіктердің сәл болса да басымдығы байқалған. Абырой болғанда «айдаһарлар» өзінің алаңында таразы басын теңестіріп, енді бүгін жағдайды өз пайдаларына шешуге тырысады. Клаудио Раньеридің бірақ өз ойлағаны бар...

«Қос команданың да статистикасы көңілден шығады. Шабуыл шебінде де гол соғатын жігіттер жетерлік. Мәселен, «Порту» соңғы алты матчта жеңіліп көрмепті – 4 жеңіс пен екі тең ойын. Ал «Рома» маусым барысында жақсы қарқын алған. 

Біздің болжам «Порту» екінші таймда гол соғады. Fonbet.kz мұндай нұсқаны құп көргендер үшін 2.30 коэффициентін тарту етеді.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×